18 августа 2020 Мал шаруашылығы

Премьер-Министр барлық аймақтарда балық өндірісін ұйымдастыруды тапсырды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин  үкіметтің отырысында балық шаруашылығын дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Үкімет басшысының айтуынша, үстіміздегі жылдың ақпан айында әкімшілік мәселелерді шешуге және балық аулау саласын дамытуға жағдай жасауға бағытталған бірқатар заңнамалық құжаттар дайындалды. Атап айтсақ, су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем төлеу, балық фермаларды ыңғайлы орналастыру жүзеге асырылды. Заңнамаға енгізілген барлық түзетулер ағымдағы жылдың қыркүйек айында парламентке жіберіледі.

 «Жалпы, бұл саланың әлеуеті зор. Қабылданған шаралардың арқасында биыл өсірілетін балықтың көлемін 1,6 есе өсіру арқылы 9 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда. 2030 жылға қарай балық өндіру көлемін едәуір арттырып, 600 мың тоннаға жеткізуге болады. Балық шаруашылығы агроөнеркәсіптік кешен құрылымындағы негізгі саланың бірі болуы керек. Экспорт көлемі 10 есеге артып, 300 мың тоннаға дейін жетуі тиіс, кем дегенде 100 мың қосымша жұмыс орны ашылады», - деді Асқар Мамин.

Сонымен бірге ол қазіргі уақытта балықтың негізгі көлемі Түркістан облысында (шамамен 68%), Алматы, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында өсірілетіндігін атап айтты. Осыған байланысты ол өзге өңірлерде саланы  дамыту жөнінде тапсырмалар берді.

«Әр аймақта балық өндірісі ұйымдастырылып, шаруашылықпен айналысатындарға  су қоймалары бекітіліп, сапалы балық сатылатын сауда орындарының саны көбейтілуі керек. Азаматтардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету үшін балық тұтыну деңгейін ДДҰ ұсынған жан басына шаққанда 16 килограмға дейін жеткізуге тырысу қажет», - деді Асқар Мамин.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда жылына әр адам 3-4 кг балық тұтынады.

Балық өндірісін дамыту мақсатында Үкімет басшысы облыс әкімдіктеріне Экология министрлігімен бірлесіп, 1 қарашаға дейін балық шаруашылығын дамытудың нақты жобалары мен субсидиялау шараларын, жер учаскелерін бөлу, инфрақұрылым және саладағы басқа да мемлекеттік қолдау жұмыстарын көрсетіп, бағдарламалар дайындауды және бекітуді тапсырды.

Экология министрлігіне мемлекеттік органдармен бірлесіп, бір ай ішінде балық аулау саласына субсидия көлемін көбейту бойынша бизнес ұсыныстар әзірлеу және үкіметке беру тапсырылды.

Университеттердің балық аулау мен балық өсіру мамандықтарының білім беру және практикалық бағдарламаларын қайта қарау керектігін ескертті.

Қаржы министрлігіне Сауда министрлігімен бірге шетелден бағалы балық түрлерін тасымалдау кезінде шекарадағы тіркеу және бақылау құжаттарын рәсімдеуді жеңілдетуді тапсырылды.