04 октября 2024 Мал шаруашылығы

Алель Агро Жамбыл облысында 30 млн жұмыртқа инкубаторын іске қосты

«Алель Агро» компаниясы Жамбыл облысында құны 4 млрд теңге болатын инкубаторды іске қосты, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Өндіріс қуаттылығы жылына 30 млн жұмыртқаны құрайды. Инкубаторды іске қосу компанияның аймақтағы құс шаруашылығын дамыту жөніндегі ауқымды бағдарламасының бөлігі болды. 2022 жылы «Алель Агро» құс фабрикасын, 2023 жылы жылына 96 мың тонна құрама жем өндіретін зауыт ашты.

АШМ мәліметінше, Жамбыл облысында бес ірі құс шаруашылығы кәсіпорны жұмыс істейді: «Әулие-ата Феникс» ЖШС, «Алель-Агро», «Қордай құс» және «БМ АгроӨнім» құс етін өндірумен, ал «Аса-Даму» ЖШС жұмыртқа өндірумен айналысады.

Жыл басынан бері өңірде 12,8 мың тонна құс еті өндірілді, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2%-ға артық. Жұмыртқа өндірісі 3%-ға немесе 89,5 млн данаға өсті. 475,9 тонна құс еті экспортталды.