08:10 Мал шаруашылығы

Қазақстанда шөп пен жем өндіруші-экспорттаушылар қауымдастығы құрылды

Қазақстанда  KazGrow шөп және жем өндіруші-экспорттаушылар қауымдастығы құрылды. Бірлестіктің құрылтай жиналысы 22 шілдеде Алматыда өтті.

«KazGROW республикалық және өңірлік деңгейдегі билік органдары, агроөнеркәсіптік кешеннің салалық органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, кәсіподақтар, қоғамдық бірлестіктер және басқа да ұйымдар алдында өз мүшелерінің құқықтарын білдіру және қорғау үшін құрылған», - деп хабарлады Қауымдастықта.

KazGROW қауымдастық мүшелерінің қызметін үйлестіреді, сондай-ақ халықаралық және ұлттық фитосанитариялық және ветеринариялық талаптарға сәйкес жем-шөп экспорты мен импортына байланысты қауымдастық мүшелерінің ортақ мүдделерін білдіретін болады.

Қауымдастық қазақстандық жемшөп сапасының халықаралық стандартын әзірлеу мен енгізуді; қаржыландыру тетіктерін, оның ішінде ауыл шаруашылығын дамытудың республикалық және өңірлік нысаналы бағдарламаларына қатысуға көмек көрсету арқылы әзірлеуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, Қауымдастық Қазақстанда және шетелде іскер серіктестерді іздеуге көмектеседі. Қолданыстағы және әлеуетті азық-түлік экспорттаушылармен жұмыс, халықаралық азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымдарымен ынтымақтастық көзделеді.

Қауымдастық мүшелеріне беріледі:

  • ақпараттық, консультациялық, құқықтық көмек
  • білікті кадрларды даярлауда ұйымдастырушылық және техникалық көмек
  • тауарлар мен қызметтерді сертификаттауды ұйымдастыру және жүргізу.

«KazGROW-дың алғашқы қадамдары: тұтынушы елдердің халықаралық талаптарын ескере отырып, шөптің, атап айтқанда жоңышқаның пішенінің жаңа салалық стандарттарын әзірлеу, сондай-ақ шөп пен түйіршіктер өндірушілер үшін экспорттық сертификаттау бағдарламасын әзірлеу, - деп атап өтті Қауымдастықта.