Макинск құс фабрикасы өндіріс қуаттын екі есе арттырады
«Макинск құс фабрикасы» ЖШС жалпы қуаты 25 мың тонна болатын құс шаруашылығы кешенінің бірінші кезегін 2018 жылы іске қосқан еді. 2020 жылдың соңына дейін инвесторлар осындай қуатпен екінші кезектің құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылы Бройлер өсіру үшін әрқайсысы 12 құс қорасы бар 4 орын салынады (1 құс қора- 2000 шаршы метр). Сондай-ақ инкубатор, жемшөп цехы, құс етін өңдеу зауыты және ет-сүйек бөлімдеріне қажетті технологиялық жабдықтармен толық жарақтандырылды. 2020 жылдың 1 тоқсанында 2,4 млрд теңге игерілді. Жобаның жалпы құны-14,9 млрд теңге. Кәсіпорын директоры Евгений Проскурин хабарлағандай, жобаның үшінші кезегі салынады және жылына тірі салмақта өнімділігі 60 мың тонна бройлер өсіретін құс фабрикасын іске қосу жоспарланған.
Кәсіпорын өнімі толық көлемде ішкі нарыққа сатылатын болады, бұл Қазақстанның құс етінде деген импортқа тәуелділігін төмендетуге мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі жобаның мультипликативті әсері бар екенін атап өтті. Өндіріс қуатын біртіндеп арттыру өсімдік шаруашылығының дамуын және аралас салаларда жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ететін болады. Құрылыс кезеңінде 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, екінші кезең іске қосылғаннан кейін кәсіпорын 455 тұрақты жұмыс орнын береді.
АШМ мәліметінше, Қазақстанда импортты алмастыру бойынша міндеттерді іске асыру аясында 2020 жылы 8 құс фабрикасы пайдалануға беріледі. Бірінші жартыжылдықта 2 құс фабрикасы іске қосылды – «Шымкент құс» ЖШС (Түркістан облысы) және «ҚазАгро» АӨК (Қостанай облысы). Қалған 6 құс фабрикасы жыл соңына дейін жұмыс істейді.
Осылайша, алдағы уақытта республикада жалпы қуаты жылына 175 мың тонна өнім шығаратын 12 жаңа құс фабрикасы жұмыс істей бастайды. Бұл құс етін импортты алмастыру мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді.