Кеше Мал шаруашылығы

Қазақстан жұмыртқа әкелуге тыйым салуды қайта енгізді

Ауыл шаруашылығы министрлігі Сыртқы сауда саясаты жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімінен кейін тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша тыйым салуды жоспарлап отыр. Шектеулер бір айға белгіленеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрығының жобасына сәйкес үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен көліктің барлық түрлерімен тауықтардың жұмыртқаларын әкелуге тыйым салу жоспарлануда. Қазақстан аумағы арқылы жұмыртқа транзитіне ерекше жағдай қарастырылған.

Ауыл шаруашылығы министрлігі тыйым салу отандық тауар өндірушілерді қолдау және ішкі нарықты қорғау мақсатында енгізіліп жатқанын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында Қазақстанда алты ай мерзімге жұмыртқа импортына тыйым салынды. Сол кезде Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемгі-жазғы кезеңде жұмыртқаға деген сұраныс төмендеп, бағалар төмендеп, қоймалар толыр, мұның бәрі құс фабрикаларының қызметіне кері әсерін тигізетінін атап өтті.