12:31 Мал шаруашылығы

Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі сиыр етін экспорттаушылар санын кеңейтуді көздеп отыр

Ауыл шаруашылығы министрлігі кейбір БАҚ-та сиыр етін экспорттауға тыйым салу туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Сонымен қатар, Министрлік қазір экспорттаушылардың ауқымын кеңейту үшін сиыр етін экспорттау квотасының механизмін өзгертуді ұсынып отыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігі сиыр етінің экспортына квота 2025 жылы Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша енгізілгенін еске салды. Қазіргі уақытта квота 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына 20 мың тонна көлемінде бекітілді. Бұл ретте белгілі бір өнімнің экспортын шектеу туралы барлық шешімдерді мемлекеттік органдар дербес емес, Ведомствоаралық комиссия жағдайды жан-жақты талдау және ВАК-тың барлық мүшелерінің ұсыныстары негізінде алқалы түрде қабылдайды.

«Осыған байланысты экспортқа «тыйым салу» туралы мәлімдемелерді дұрыс емес және істің нақты жағдайын көрсетпейтін деп санаймыз», - деп мәлімдеді ведомствода.

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігі бүгінгі таңда экспорттық нарықтарға бірнеше кәсіпорын қол жеткізе алатынын хабарлады, сондықтан ведомство квоталарды бөлу тетігін қайта қарау қажеттілігі туралы ұсыныстар жіберді. Бұл экспортқа құқығы бар кәсіпорындардың санын көбейтуге мүмкіндік береді.

Бүгін брифингте ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров атап өткендей, ведомство ВАК-қа хат жолдады, онда экспортқа құқығы бар бордақылау алаңдары бойынша өлшемшарттарды 5 мыңнан 500 бас ІҚМ-ге дейін төмендету ұсынылды.

Бұдан әрі, мал шаруашылығын дамытудың Кешенді жоспарында көзделген кредиттік құралдардың іске асырылуына қарай экспортқа қолданыстағы шектеулерді кезең-кезеңімен алып тастау жоспарлануда.

«Бұл өндірістік қуаттылықты арттыруға, саланың экспорттық әлеуетін кеңейтуге және ішкі нарық пен сыртқы жеткізілімдер арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Ауыл шаруашылығы министрлігінде.