09:15 Мал шаруашылығы

Мал шаруашылығының жаңа бағдарламасы бойынша несиелеу 1 наурызда басталады

Үкімет мақұлдаған мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған Кешенді жоспарының жобасы асыл тұқымды мал сатып алуға, жайылымдық инфрақұрылымды дамытуға және мал өсірушілер үшін айналым қаражатын толықтыруға жеңілдікті несиелер беруді көздейді. Несиелеуге өтінімдерді қабылдау наурыз айында басталады, деп ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров хабарлады.

«1 наурыздан бастап өтінімдерді қабылдау басталады. Жеті жыл мерзімге 6% жеңілдікпен несиелеу жоспарлануда. Айналым қаражатын толықтыруға несиелер 5% мөлшерлемемен бір жылдан 15 айға дейінгі мерзімге беріледі. Бұл бағдарлама 1 наурыздан бастап іске қосылады, бұл туралы ақпарат барлық облыстар бойынша жеткізілді», - деді Айдарбек Сапаров үкіметте өткен брифингте.

Естеріңізге сала кетейік: Кешенді жоспарды іске асыру ірі қара мал басының санын 7,9 млн-нан 12 млн басқа дейін және ұсақ мал басын 20,2 млн-нан 28 млн басқа дейін ұлғайтуды көздейді. Ет өндірісінің 1,2 млн тоннадан 1,8 млн тоннаға дейін өсуі және оның экспортының 82 мың тоннадан 165 мың тоннаға дейін екі есе ұлғаюы болжанып отыр.

Кешенді жоспарды іске асыру ішкі нарықты етпен жүйелі түрде қанықтыруды және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша болжамды баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге тиіс.