14:30 Мал шаруашылығы

Алматы облысында құны 1,2 млрд теңге болатын жүн өңдеу зауыты салынуда

Алматы облысында қой жүнін терең өңдеу зауытының құрылысы жүргізілуде. Құны 1,2 млрд теңге болатын инвестициялық жобаны «Мерген Холдинг» компаниясы іске асырады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауданы 3 мың шаршы метр болатын болашақ өндірістік кешен жергілікті мал шаруашылығы ресурстарының тиімді жүктелуін қамтамасыз ете отырып, жыл сайын 2 мың тоннадан астам жүнді өңдей алады.

Кәсіпорын құрылысын 2026 жылдың екінші жартыжылдығында аяқтауды жоспарлап отыр.

«Жоба дайын өнімдердің кең ассортиментін - дәстүрлі текеметтерден бастап көрпелерге және басқа да сұранысқа ие тұтыну тауарларына дейін шығаруды көздейді. Бұл отандық өнім желісін кеңейтіп қана қоймай, «Қазақстанда жасалған» брендімен қосылған құны жоғары тауарлардың үлесін ұлғайта отырып, импортқа тәуелділікті айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті АШМ.