Қазақстанда бұқашықтарды әкетуге тыйым салу қараша айына дейін ұзартылды
Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі бұқашықтарды әкетуге тыйым салатын жаңа бұйрық қабылдады. Тыйым 30 сәуірден бастап күшіне енді және қараша айына дейін жалғасады.
«Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне ірі қара мал бұқашықтарын әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0102)», - делінген құжатта.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда бұқашықтарды экспорттауға тыйым салу 2025 жылдың мамыр айынан бастап қолданыста. Сиыр еті квота бойынша экспортталады. Үкіметте шектеулер отандық өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін қамтамасыз ету және ет бағасын тұрақтандыру қажеттілігімен түсіндіріледі.
Сонымен қатар, сәуір айында экспорттаушыларға қойылатын талаптарды жеңілдетуге бағытталған сиыр етін экспорттау ережелеріне өзгерістер енгізілді.