15:09 Мал шаруашылығы

Қазақстанда 50 млн долларға асшаян өсіру кешені салынады

Қазақстандағы асшаян өсірудің заманауи кешенін салу жөніндегі инвестициялық жобаны Big Blue Farms компаниясы іске асыруда. Жергілікті серіктес және мердігер қазақстандық Artex Machinery компаниясы болып табылады. Жобаны іске асыру туралы Меморандумға Big Blue Farms директорлар кеңесінің мүшесі Марсия Фавал мен Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов қол қойды, деп комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Жобаға салынған инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 50 млн долларды құрайды. Қазіргі уақытта өндірістік кешенді іске асыру аймағы анықталуда. Жоба аясында жылына 5,3 мың тонна асшаян өндіру жоспарлануда.

Жоба тек ішкі нарықты қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар экспорттық әлеуетті дамытуға да бағытталғаны атап өтілді.

«Қазақстанда заманауи асшаян өсіру кешенін салу маңызы ерекше жоба болмақ. Бұл балық шаруашылығының дамуына ерекше серпін береді және мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетуге дайынбыз», - деді комитет төрағасы Серік Сермағамбетов.