Мал шаруашылығының ҚазҒЗИ фермерлерге жайылымдық үшін егілетін дақылдардың пайдалы екенін айтуда
Қазақ мал шаруашылығы және жем-шөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты 2 қазан күні «Құрөзек» тәжірибелік-өндірістік фермасының демонстрациялық учаскелерінде егістік дала күнін өткізуді жоспарлап отыр. Аталған дала семинары «Орталық Азия мен Түркиядағы құрғақшылыққа және тұзды ауылшаруашылық өндіріс ландшафттарындағы табиғи ресурстарды кешенді басқару (CACILM-2)» ФАО-ның жобасы аясында ұйымдастырылды. Бұл туралы ФАО кеңсесі хабарлады.
«Семинардың мақсаты - жайылым ресурстары туралы халықты хабардар ету, перспективалы жайылымдық дақылдар жайлы айтып, көрсету», - деді ФАО.
Бұл семинарға ҚазҒЗИ зерттеушілері, ФАО және ГЭФ жобасының аймақтық кеңсесінің басшылары мен қызметкерлері, шаруа қожалықтары мен шаруа қожалықтарының өкілдері, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік органдар қатысады.
Пилоттық жобадағы демонстрацияға жайылымдық дақылдар, азықтық шөптер,эспарцет, изен отырғызылған болатын.