Ауыл шаруашылығы министрлігі ет пен сүт өндірудің артқандығы туралы хабарлады
Қазақстанда ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша мал шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2,7 трлн теңгені құрап, 2,7%-ға өсті. Атап айтқанда, сүт пен ет өнімдерінің бағасы қымбаттап келеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді.
«Тірі салмақтағы ет өндірісі - 3,7%-ға, сүт - 3,1%-ға артты», - деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.
Жалпы, министрдің ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 5,2% өсіп, 5,4 трлн. теңгені құраған. Аталған өсім негізінен 7,1% көрсеткішпен өсімдік шаруашылығы есебінен болған. Өндірістің ең жоғары қарқыны Қостанай облысында байқалады - 21,3%, Ақмола - 14,1% және Павлодар - 5,5%.
Жыл басынан бері тамақ өндірісі 3,4% өсіп, 1,6 трлн теңгені құрады. Атап айтқанда, өңделген күріш өндірісі 36,8%, сары май 17,1%, шұжық 14,6%, макарон өнімдері 9,7%, жарма 5,6%, ұн 5,1% өсті. ашытылған сүт өнімдері 4,5%, ірімшік және сүзбе 2,1%.
Ауыл шаруашылығына негізгі капиталға салынған инвестиция 7,5% -ға артып, азық-түлік өнімдерін өндіру 412,5 млрд. теңге болған.