Қазақстан Украинаға ет өнімдерін шығаратын болады
Қазақстандық делегация өткен аптада Киевке іс сапармен барды. Аталған елде экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық Қазақстан-Украина комиссиясының 14-ші отырысы өтті. Келіссөздер барысында, Украинаға мал өнімдерін жеткізу мәселесі талқыланды. Бұл туралы ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.
«Қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерін енді Украина нарығына шығаратын боламыз. Украин делегациясын біздің кәсіпорындарға келіп, көруі үшін Қазақстанға шақырдық», - деп жазды Бақыт Сұлтанов Facebook бетінде.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстанға мал биржасы не үшін қажет
Ол сондай-ақ Украина кәсіпкерлерімен мал шаруашылығындағы ірі бизнес жайлы өткен келіссөздердің қорытындылары туралы айтты. Әңгіме Қазақстан аумағында көрші нарықтарға шығу үшін бірлескен жобаларды іске қосу туралы болды.
«Қазір Қазақстан салынатн орын қарастырылып жатыр. Олар бізге тек технологиялар мен инвестицияларды әкелумен қатар, ең бастысы – жаңадан жұмыс орындары ашатын болады. Айта кетерлік жағдай, украиналық мал өсірушілер бізде фермаларды ғана салып қоймай, оларды кластерлік жолмен дамытуды жоспарлап отыр: жем жасайтын база және селекция, ветеринария, ет өнімдерін өңдеу және т.б. Себебі біздің елімізде Қытай мен Тынық мұхиты өңіріне экспортқа шығаратын ІҚМ мен шошқа шаруашылығы бойынша мүмкіншілік көп», - деп атап өтті сауда министрлігінің басшысы.
Сонымен қатар, тараптар АӨК-ке заманауи технологияларды енгізу мәселесін келісті. Бақыт Сұлтанов атап өткендей, украинаның ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуеті өте жоғары, сондықтан бізге бұл елден үйренетін нәрсе көп.