08 июля 2021 Мал шаруашылығы

Қазақстан құс етін экспорттаудан рекордтық деңгейге жетті

Қазақстан 2021 жылдың қаңтар-сәуір айларында өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,4 есе көп құс етін экспорттады. Жеткізу көлемі $14,7 млн қаражатқа 9,3 мың тонна болды. Бұл туралы Tradereport.kz хабарлады.

Жалпы экспорттың ішінде мұздатылған күркетауық еті 1 мың тонна, тауық еті - 8,3 мың тоннаны құрады. Негізінен екі елге экспортталады, олар: Ресей (7,2 мың тонна) және Қырғызстан (2,1 мың тонна). Сонымен бірге Ресейге жіберу қарқынды түрде болып, 5 есеге артты.

Экспорттық көрсеткіштермен бірге елде құс етін өндіру де өсуде. Қаңтар-сәуір аралығында ҚР-да 90,6 мың тонна құс еті өндірілді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 11,9 мың тоннаға (+15%) артық.

Аталған өнімді импорттау 4 айда 2,3% - ға (37,1-ден 36,2 мың тоннаға дейін) төмендеді.

Тақырыпқа байланысты оқуБҚО-да ет кластері құрылуда

Естеріңізге сала кетейік, ҚР-да импортты алмастыру бағдарламасы жүзеге асырылуда және оның бағыттарының бірі құс етін өндіруді арттыру болып табылады. 2020 жылы ҚР-да 8 құс фабрикасы іске қосылды, нәтижесінде ұйымдастырылған шаруашылықтарда құс етін өндіру 222,7-ден 235,3 мың тоннаға дейін өсті.