10 апреля 2020
Мал шаруашылығы
Қазақстанда жұмыртқа өндіру 8%-ға төмендеді
2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда жұмыртқа өндіру 747 млн дана болды, бұл былтырғы жылға қарағанда 7,9%-ға аз болып есептеледі. Бұл мәліметті ҚР статистика комитеті хабарлады.
Ең көп жұмыртқа өндіретін 5 облыс:
- Алматы облысы — 143,2 млн т (-16,6%);
- Ақмола облысы — 134,4 млн т (-3%);
- Қарағанды облысы — 101 млн т(-9,5%);
- Солтүстік Қазақстан облысы — 92,7 млн т (-17,3%);
- Қостанай облысы — 81,3 млн т (-5,9%).
Айта кетсек, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі азыққа субсидия беретін болып шешті, бұл бір тоннаға 7,5 мың теңгені құрайды. Ол 1 жұмыртқа үшін шамамен 0,7-0,8 теңге, әрине бұл өте аз ақша болып саналады.
Тақырыпты оқу: Қазақстанның жұмыртқа өндіру саласы қыспаққа түсті