Ветсертификаттарды қолдану мерзімі 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылды
Қазақстан Республтикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ресей Федерациясы аумағына ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларды жеткізу үшін екі жақты ветеринарлық сертификаттардың пайдалану мерзімін 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартты.
Бұл ақпарат Қазақстан Республтикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаеваның Facebook парақшасында хабарлады.
Аталған шешім коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың қолайсыз болуына байланысты жасалды. Осы кезеңде үшінші елдерге тауар жеткізу үшін ветеринарлық сертификаттарды беруге байланысты келіссөздер жүргізудің қиындығынан туындады.
Ол ҚР-да АӨК тауарларын импорттау кезінде 231 ветеринарлық сертификат бар екенін атай айтты. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден әкелінетін бақылаудағы тауарларға бірыңғай ветеринарлық сертификаттардың нысандары туралы» шешіміне сәйкес ЕАЭО мүше мемлекеттеріне АӨК тауарларын импорттау кезінде бірыңғай ветеринарлық сертификаттар жарамды болып табылады делінген.