03 сентября 2021 Мал шаруашылығы

СҚО-да құс фабрикаларынан субсидияларды қайтару талап етілді

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы сот арқылы аймақтағы бірнеше құс фабрикасынан бұрын алынған мемлекеттік қолдау қаражатын қайтаруды талап етті. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан хабарлады.

Аталған талап 2020 жылы құс тұмауының өршуі салдарынан субсидия берілген өндірістің төмендеуі себеп болды. Инфекция СҚО-да 11 аудандағы 39 ауылға әсер етті, соның ішінде ірі құс фабрикалары зардап шекті. Бішкүл фабрикасында 2020 жылы 252 187 құс, 247 620 тауық, 4 560 үйрек, 7 қазды жоюға тура келді.

СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Әлібек Әшметовтың айтуынша, 2020 жылдың қазан айында кәсіпорын тамақ жұмыртқасы өндірісінің құнын арзандатуға 15 млн теңгеге жуық субсидия алды, осы жылы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы оларды қайтаруды талап етті.

«2020 жылдың қыркүйек айының соңында тауар өндіруші субсидия алуға белгіленген талаптарға сай ма, жоқ па соны қарайтын арнайы комиссия 2019 жылы «Бішкөл құс фабрикасы» ЖШС 147 млн дана жұмыртқа өндіргенін анықтады. Бұл көлем кәсіпорынға 1,2 теңге бағамен 12 млн данадан астам тамаққа арналған жұмыртқаны субсидиялауға мүмкіндік береді. Кәсіпорынға 14 791 548 теңге көлемінде субсидия төленді. 2021 жылдың ақпан айында СҚО әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы 2020 жылы кәсіпорында жұмыртқа өндірісінің төмендеуіне сілтеме жасай отырып, құс фабрикасынан ақшаны толық көлемде қайтаруды талап етті. Ал сәуір айында сот ісі басталып, үшінші тұлға ретінде палатаның Қызылжар және Аққайың аудандық филиалдары қатысты», - деді Әлібек Әшметов.

Тақырыпқа байланысты оқуТоқаев АШМ-ді құс тұмауының өршуіне байланысты сынға алды

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2020 жылы Бішкөл құс фабрикасында жұмыртқа өндіру көлемі 34,8 млн-ға дейін төмендеген. Талапкердің өкілдері мәлімдегендей, мұндай жағдайда жауапкер 1 теңге норма бойынша субсидия алуы тиіс болатын. Яғни, мемлекет құс фабрикасына 2,5 млн теңгеге жуық ақшаны артық төлеген, ал Ережеде оларды қайта есептеу қарастырылмағандықтан, талапкер алған мемлекеттік қолдауды қайтаруды талап етті.

Бұл талапқа наразылық келтірілді, себебі өндірістің төмендеуіне құс тұмауы індеті, яғни кәсіпорынға тәуелді емес жағдайлар себеп болды. Оған қоса, субсидия алуға берілген өтінімге сәйкес, құс фабрикасында белгілі бір өндіріс көлемін қолдау бойынша ешқандай міндеттемелер болған жоқ. Субсидиялау туралы шешім шығарылған сәтте қолданыстағы Ережелерде субсидияларды қайтару туралы талап болмағандай, деп атап өтті Атамекен кәсіпкерлер палатасында.

Бұл дәлелдер СҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешіміне негіз болды. Соттың қорытындысы бойынша мемлекеттік органға субсидияларды қайтару туралы талап қоюдан бас тартты.

Сонымен қатар, «Атамекен» Палатасы алда басқа құс фабрикаларына қатысты осыған ұқсас бірнеше сот талқылаулары болатынын хабарлады.