16 апреля 2020 Мал шаруашылығы

Қазақстанда үй құстарының саны 364 мыңға артты

2020 жылдың 1 сәуірінде Қазақстанда үй құстарының саны 44,92 млн болды, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 364 мыңға артық.

Бұл ақпарат Қазақстан құс өсірушілер одағының сайтында хабарланды.

Тақырыпты оқу: Қазақстанның жұмыртқа өндіру саласы қыспаққа түсті

Үй құстарының саны артқан 5 облыс:

  • Алматы облысы — 11,24 млн, былтырғы жылмен салыстырғанда 0,17%  төмен;
  • Ақмола облысы — 7,59 млн  (+1,5%);
  • Қостанай облысы — 4,58 млн  (+4,38%);
  • Солтүстік Қазақстан облысы — 4,32 млн  (-4,39%);
  • Шығыс Қазақстан облысы — 4,04 млн  (-1,04%).

Үй құстарының 72,1%- ын ауыл шаруашылығы кәсіпорындар, 26,7% - ын шаруашылықтар және 1,2% - ын фермерлік шаруашылықтарда жеке кәсіпкерлер өсіруде.

Айта кетсек, 2020 жылы ет бағытында жаңадан жеті  жаңа құс фабрикасын салу жоспарланған. Аталған құс фабрикалары Алматы, Атырау, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында салынуы тиіс. Олардың жалпы ет өндіру  қуаты 50 мың тонна болады.