ҚазҰАЗУ базасында Smart ферма салынады
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында Түрік серіктестерімен бірлесіп инновациялық Smart ферма салу жоспарлануда. Жақында университетке жоба бойынша келіссөздер жүргізу үшін Demir GROUP компаниясының президенті Ахмед Демир, TIKVESHLI компаниясының негізін қалаушы Аднан Вардарли және Qazaq Partners LLP экспорты жөніндегі басқарушы Дулат Каукенов бастаған Түркиядан делегация келді. Бұл туралы университет ректоры Тілектес Есполов мәлімдеді.
Кездесу барысында тараптар Smart ферма құрылысының жоспарлары мен мерзімдерін, сондай-ақ осы жобаны іске асыруға қатысу үшін серіктестер тартуды алдын ала талқылады.
"Біздің әріптестеріміздің ұсынған жобасы бойынша бастапқы кезеңде 500 сиырға арналған кешен құру жоспарлануда. Жобаны іске асыру басталғаннан кейін асыл тұқымды сиырлардың санын көбейту қарастырылуда. Біздің университеттің ғалымдары мен білім алушылары теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану мақсатында осы бірлескен жобаларға тікелей қатыса алады", - деді Тілектес Есполов.
Ол бұл жобада ҚазҰАЗУ-дың басты миссиясы жоспарланған мегакешеннің жұмыс істеуі үшін жоғары білікті кадрларды даярлау болып табылатынын атап өтті (зооинженерлер, ветеринарлар, технологтар, инженерлер, энергетиктер, агрономдар, су мамандары, экономистер, бухгалтерлер, заңгерлер және басқалар).
Тақырып бойынша оқу: Қазақстандық студенттерді агротехнологияларға ағылшын тілінде оқытатын болады
Естеріңізге сала кетейік: 2021 жылғы 15 қарашада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен DEMIR GROUP компаниясы, TIKVESHLI компаниясы, Qazaq Partners LLP компаниясы арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды.