06 мая 2022
Мал шаруашылығы
Қазақстан Германиядан мал әкелуге шектеулерді алып тастады
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Германияның Баден-Вюртемберг Федеративтік жеріндегі блутанг бойынша эпизоотиялық жағдайдың жақсаруына байланысты 2022 жылғы 5 мамырдан бастап блутанг бойынша Қазақстан Республикасына әкелуге бұрын енгізілген уақытша шектеулердің күшін жояды. Бұл туралы ElDala.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Атап айтқанда, Германияның Баден-Вюртемберг Федеративтік жерінен келесі тауарларды әкелуге шектеулер алынып тасталды:
- тірі ірі және ұсақ қара малды, блутангқа сезімтал жабайы, хайуанаттар бағы мен цирк жануарларын, түйелерді және түйе тұқымдастарының басқа да өкілдерін (тайтайлақтар, альпакалар, викунья);
- тұқымдық бұқалардың, қошқарлардың және ешкілердің ұрықтары, ірі және ұсақ қара малдың эмбриондары.
Тақырып бойынша оқу: Қазақстан төрт елден мал өнімдерін әкелуге шектеу енгізді