Сақтандырушылар сүт саласын "cоруда"
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мамандарының пікірінше, кеншілер мен сүтшілер жарақат алу қаупі дәрежесі бойынша ең жоғары класқа жатқызылған.
Осылайша, "Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел кластарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің (ҚР ЕХӘҚМ) 2022 жылғы 5 наурыздағы № 86 бұйрығына сәйкес экономикалық қызметтің барлық түрлері кәсіпорын персоналының тізімдік санына (100 адамға дейін және 100 адамнан астам) байланысты кәсіптік тәуекел сыныптары бойынша сараланды) жатқызылды.
Нәтижесінде кәсіпорындардың экономикалық қызметінің көптеген түрлері кәсіби тәуекелдің басқа кластары бойынша қайта бөлінді.
Атап айтқанда, саны 100 адамнан асатын тағамдық сүт өнімдері саласы 5-кластан кәсіптік тәуекелдің 22-класына ауысты, бұл сақтандыру тарифінің өзгеруі нәтижесінде сақтандыру сыйлықақысын төлеуге арналған шығыстардың бірнеше есе ұлғаюына байланысты жұмыс берушілер шығындарының айтарлықтай өсуіне әкелді. Егер есепті жылы ЭҚЖЖ 10511 үшін сақтандыру тарифі - сүт өнімдерін өндіру жылдық еңбекақы төлеу қорының 0,52% құраса, жоғарыда көрсетілген қайта бөлуден кейін жылдық еңбекақы төлеу қорының 2,54% құрайды. 100 адамнан жоғары штатпен сүт бағытындағы ІҚМ өсірумен айналысатын кәсіпорындарда да осындай жағдай бар. Сонымен, оларда бұрын 0,52% тарифі бар 5 класы, ал 2,96% тарифі бар 22 класы болды.
Мысалы, "Лидер-2010" ЖШС сүт өңдеу кәсіпорнында 2021 жылы сақтандыру сыйлықақысы 1,6 млн теңгені құрады, ал жаңа тарифтер бойынша тиісінше 8,2 млн теңгеге дейін ұлғаяды.
Жоғарыда көрсетілген өзгерістер кәсіпкерлерге түбегейлі әсер етеді және дайын өнімнің, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар сүт өнімдерінің бағасына әсер етеді, өйткені саладағы қызметкерлерді сақтандыру шығындары 5 еседен астам өсті.
Бұл ретте, өндірістегі жарақаттану және кәсіптік аурулар көрсеткіштері бойынша кәсіптік тәуекел дәрежелері "Сүт өнімдерін өндіру" және "Өзге пайдалы қазбаларды өндіру", "Ааралау және сүргілеу өндірісі" сияқты салаларға теңестірілген.
ІҚМ өсіру және сүт өнімдерін өндіру металл құю немесе химиялық заттарды өндіру сияқты өндірістік қауіптерге ие бола алмайтыны анық. Демек, өндірістік жарақаттану және сәйкесінше сақтандыру тәуекелдеріне қатысты зерттеулер қажет.
Өз кезегінде, "Атамекен" Ұлттық палатасы ҚР ЕХӘҚМ бұйрығының жобасына теріс пікір білдіргенін атап өту керек. Қағидаларды қолданыстағы редакцияда қайта бекіту ұсынылды, сондай-ақ ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 83-бабына сәйкес реттеушілік әсерге талдау (РӘТ) жүргізу қажеттігі атап өтілді. Алайда, жоба РӘТ және ҚР ҰКП ұстанымдарын ескерусіз қабылданды.
"Атамекен" ҰКП ұстанымы бұрынғысынша қалады - жарақат алу қаупі бар өндірістердің қатарына тау-кен өндіру өнеркәсібі мен сүт өнімдерін өндіруді қоюға болмайды. Сонымен қатар, 21 және 22 кластарға ең жоғары сақтандыру тарифтерімен қосылу бізді сақтандыру компанияларының мүддесінде сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігіне итермелейді.
Ербол Есенеев, басқарушы директор - "Атамекен" ҰКП АӨК және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры.