Арпа экспорттаушы 10 ел

АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі  (USDA) 2018/19 жылдарға жасаған есебінде арпаның әлемдік мөлшері 25,64 млн т құрады.Бұл көрсеткіш оның алдындағы жылмен бірдей — 26,89 млн т, бірақ 2016/17 жылмен салыстырғанда 13,4% (29,62 млн т) аз болып саналады. Дегенмен  2018/2019 жылдары арпаның әлемдік өндірісі  3% яғни  138,76 млн т азайған, ал тұтыну - 4% -ға 140,29 млн т дейін төмендеген.

Тақырыпты оқу: Бидай өндіруші 15 ел​

2018/19 жылдары  арпаның негізгі экспорттаушылары ЕО, Украина және Ресей болды. Аталғаннн   елдер бірігіп жалпы әлемдік арпа көрсеткішінің 56,9%  -ын өндіруде. Айта кетерлік жағдай, әлемдік экспорт нарығындағы елдердің орны  2017/18 жылдармен салыстырғанда өзгерді. Өткен жылдары арпа экспортының көшбасшылары Австралия, ЕО және Ресей болған еді.

Соңғы уақыттары Қазақстанда арпа мөлшері артып келеді, мысалы -  2015/16 жылдары -776 мың т  -2018/19 жылдары 1,76 млн т дейін көбейген.Сондай-ақ 2018 жылы жиналған арпа соңғы 24 жылда 4 млн т болып, ең үлкен мөлшерге жетті. Бұл ретте, 2019 жылы Қазақстанның астық одағының болжамы бойынша арпаның экспорты бұрынғыдан төмен деңгейде болады деп отыр және 1,3 млн т құрайды. Жалпы, USDA-ның наурыз есебіне сәйкес, арпаның әлемдік экспортының болжамы 27,31 млн. т құрайды,бұл ақпан болжамынан 5,2% - ға төмен және өткен жылдан 6,5% - ға артық.

Атауы
1
Еуро одақ
Еуро одақ
5877
: 5877

Соңғы жиырма жылда ЕО мен Австралия арпаның жетекші экспорттаушылары болып табылады. Дегенмен, Австралиядағы құрғақшылық өндіріске әсер етті және баға жоғары болғаны экспортты айтарлықтай қысқартты. Ал Ресей экспорты баяулады, өйткені ел арпаны ішкі нарықта пайдалануды кеңейтуге тырысады

Еуропалық Одақ 2018/19 жылдары 5,88 млн т арпа экспорттады, бұл іс жүзінде 2017/18 жылдардағым (5,86 млн т) сәйкес келеді. Бұл Австралияны № 1 позициядан ығыстырып, экспортта көшбасшы болуға кедергі келтірмеді.

USDA сарапшыларының айтуы бойынша, ЕО 2019/20 жылдары бірінші тоқсанда өндірістің ұлғаюымен алдыңғы жылдарға қарағанда арпаны көбірек экспорттады. Франция мен Германия негізінен Сауд Арабиясына, Қытай мен Иранға арпа сатуды  жүзеге асыра отырып, ЕО-дағы негізгі экспорттаушылардың бірі болып табылады.

 
2
Украина
Украина
4407
: 4407

Украина арпасының негізгі импорттаушысы Сауд Арабиясы (2,3 млн т), Қытай (321 мың т), Ливия — 260 мың т. болды. Украинада 2020 жылы арпа өндірісінің 8,7% - ға 8,1 млн тоннаға дейін төмендеуі болжануда, ал USDA сарапшылары наурыз айында айтқан болжам бойынша экспорт көлемін 4,7 млн тоннаға дейін төмендетті.

 
3
Ресей
Ресей
4320
: 4320

Ресей 2018/19 жылдары 4,32 млн т арпа экспорттады,  бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 23,68% аз болып саналады. Сонымен қатар 2019 жылы арпа өндірісі 17 млн тоннадан 20,4 млн тоннаға дейін артты. Ресей экспортының жалпы көлемінде дәнді дақылдар 40% - ды алады, олардың басым бөлігі бидай, арпа, жүгері және бұршақ болып табылады. Бұл ретте арпа мен жүгеріні тиісінше 6 млн тонна және 5 млн тонна жөнелтуді жоспарлап отыр.

ФМБМ мәліметтері бойынша, 19 наурызға қарай 2019/20 жылдары (1 шілдеден) бастап Ресей 3 млн тонна арпа экспорттады, бұл өткен  жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 21,1% - ға аз.

4
Австралия
Австралия
3666
: 3666

Сарапшылардың айтуынша, мемлекеттегі экспорттың күрт қысқаруы екі жыл қатарынан елдегі қуаңшылықтың болуынан және Австралиядағы осы дақылға бағаның жоғарылауынан болды.

Бұған дейін Австралия Қытайда арпа саудасы бойынша 70 пайыздық үлеске ие болған еді. Алайда 2019 жылдың қарашасында Қытай Австралиялық арпаға қатысты демпингке қарсы және өтемақы баждарын салуды ұзартатынын жариялады. Қытайлық тергеу Австралиялық экспорттаушыларға соққы болды, себебі Қытайлық трейдерлер арпаның жаңа партияларын кедендік баж салығын енгізу қаупінен келісім беруден бас тартады.

Австралиялық арпа егіннің жетіспеуі экспорттаушы бәсекелес елдерден-Украинадан,  Канададан Қытайға тауар экспортының өсуіне ықпал ететін болады. Бірақ 2020 жылы арпа өндірісінің болжамы жақсы болуда және 9,09 млн тоннаны құрайды. Бұл 2019 жылғы өнімнен 7,5% - ға артық және өткен 10 жылдағы орташа өнімнен 5,8% - ға көп болып саналады.

 
5
Аргентина
Аргентина
3001
: 3001

Аргентина в 2018/19 жылдары 3 млн т арпа экспорттады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,28% -ға жоғары болып саналады. Бұл ретте, елде арпа өндірісі 5,06 млн т (2017/18 жылдары- 3,74 млн т) құрады.

Брокерлер 2019/20 жылдары шамамен 1,2 млн т сыра қайнататын арпаны Оңтүстік Американың басқа нарықтарына экспортталатынын, ал 1,2 млн т шикі арпа негізінен Сауд Арабиясына экспортталатынын көрсетеді.

Сонымен қатар, бидай нарығына мемлекеттік араласу жүргізілген кезде, арпа 2012/13 жылдары 1,5 млн га көлемінде рекордты көрсеткіш тіркелді. Фермерлер баламалы күздік дақылдар ретінде арпа отырғызды. Алайда, қазіргі Үкімет 2015 жылдың соңында нарыққа араласуды тоқтатқан кезден бастап, арпа Буэнос-Айрестің орталық және Оңтүстік провинцияларында өзінің табиғи өндірістік жағдайына қайта түсті.

6
Канада
Канада
2269
: 2269

Канада 2018/19 жылдары 2,27 млн т арпа экспорттады, ал өткен маусымда 1,87 млн т болған еді. Желтоқсан айының соңына қарай 2019/20  жылдардан бастап Канададан шығарылатын дәнді, майлы және бұршақты дақылдардың жалпы экспорты 17,6 млн.тоннаны құрады, бұл өткен маусымның тиісті кезеңінің көрсеткішінен 15% - ға кемеді (20,7 млн. т). Ағымдағы маусымда Канада үшін экспорттың негізгі бағыты Қытай болды. Канадалық арпаны Қытайға экспорттау көлемі 725,6 мың тоннаға дейін 10% - ға өсті.

7
Қазақстан
Қазақстан
1762
: 1762

Қазақстан 2018/19 жылдары 1,41 млн т болса, өткен жылғы көрсеткіш 1,76 млн т арпа экспортталған еді. Арпаның экспорттық партиясының барлық дерлік көлемі дәстүрлі түрде Иранға жөнелтіледі. 2010/11 жылдардан бастап арпаның қазақстандық экспортының кем дегенде жартысы Иранға арналған. 2017/18 жылдарда бұл үлес экспорттың жалпы көлемінің 94% - ын құрап,  он жылдық максимумға жетті.

8
АҚШ
АҚШ
101
: 101

АҚШ-та 2018/19 жылдары 101 мың т арпа экспортталды, бұл өткен жылдардан 1 мың тоннаға  аз болып табылады.

2018 жылмен салыстырғанда АҚШ-тан арпа экспорты 34,1% - ға $26,82 млн-нан $35,98 млн-ға дейін өсті. Арпа: Такомадағы порттан (Вашингтон штаты), Сиэтлдегі порттан (Вашингтон штаты), Эль-Пасо шекарасының қиылысу пунктінен, (Техас), Свитграсс шекаралық өткелінен (Монтана штаты) және Окленд портынан (Калифорния штаты) жіберілді.

9
Сербия
Сербия
67
: 67

Арпа Сербиядағы жалпы астық саудасында маңызды тауар емес. Арпа импортының басым бөлігі сыра қайнату өнеркәсібіне арналған және Франциядан, Чехиядан, Венгриядан, Румыниядан және Болгариядан келіп түседі. Соңғы жылдары арпаның жалпы экспорты айтарлықтай артты. Негізінен бұл жемдік арпа. Сербия негізінен арпаны ЕО, Босния және Герцеговина және Черногорияға экспорттайды. Оның 80 мың гектары күздік арпа және 30 мың гектары жаздық арпа егілді. 2018/19 жылдары арпа өндірісі рекордтық көлемге жетті, шамамен 473 мың тонна, орташа өнімділігі 4,3 т/га болды.

10
Уругвай
Уругвай
62
: 62

Уругвай 2018/19жылдары 62 мың тонна арпа экспорттады, бұл 2017/18 жылдардағы көрсеткіштен 5 есе көп  2019 жылдың басында Қытай аталған дәнді дақылдарды жеткізуді әртараптандыру мақсатында Уругвайдан жүгері мен арпаны өз еліне импорттауға рұқсат берді. Уругвайдағы арпа алқабы  2019/20 жылдары  өткен жылмен салыстырғанда іс жүзінде өзгермеді және шамамен 167 мың га құрайды деп болжануда.