Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Неліктен Қазақстандағы фермерлер сұйық тыңайтқыштарға ауысуда
Осы жылы Қазақстанның жетекші шаруашылықтарында сұйық тыңайтқыштар белсене қолданыла бастады. Бұл технология көпшілік үшін жаңа болғандықтан фермерлер бір-бірімен ақылдасып, түрлі нюанстардың жай-жапсарын бойлата түсінуде. Одан өзге, техника мен жабдық сатып алу мәселесі бар.
Қарағанды облысындағы «Рассвет» ЖШС, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы Новоишимское ауылындағы бірнеше шаруа қожалықтары биылғы жылы ені 13,5 м, сыйымдылығы 5000 литр болатын, бір гектарды 230 л мөлшеріндегі сұйық тыңайтқышпен тыңайтуға мүмкіндік беретін «ЛиквилайРус» инъекциялық өсімдік қоректендіргіштер сатып алды.
Бейнежазбада: «Рассвет» ЖШС «ЛиквилайРус» өсімдік қоректендіргішінің жұмысы.
- Ресей фермерлеріне қарағанда, Қазақстанда фермерлер минералды тыңайтқыштарды бірнеше есе, ал Европамен салыстырғанда тіпті ондаған есе аз қолданатындары фермерлермен жиі сөз болуда, - деді «Агристо» (Ставрополь) компаниясының директоры Олег Евмененко. – Өсімдіктердің минералды тыңайытқыштармен тыңаюы үшін ылғал мол болуы керек. Қазақстанның астық белдеуінде ылғал қоры жеткіліксіз, сондықтан да фермерлер дұрыс айтады. Олар ылғалдың жетіспеушілігі кезінде қолданылған тыңайтқыштардың ензілетін мөлшерін арттырудың мәнсіз екенін жақсы біледі. Олардан тыңайтқыш мөлшерін арттыруды талап ету дегеніміз, егістікке шығып ақшаны оңды-солды шашуды талап етумен тең.
Әрине, Қазақстан қуаңшылық жағдайында өсімдік шаруашылығы дамыған жалғыз ел емес. Осыған ұқсас проблемалар әртүрлі өңірлерде де бар, соның ішінде ауылшаруашылық бизнестің әлемдік көшбасшылары – АҚШ, Канада, Австралияда.
Олег Евмененко 12 жыл бұрын компаниясының дамыған елдер отыз жылдан бері кеңінен қолданып келе жатқан машиналардың жаңа түрлерін, яғни сұйық түрдегі тыңайтқыштарды жер бетіне емес, тікелей топыраққа енгізуге мүмкіндік беретін инъекциялық өсімдік қоректендіргіштер шығара бастағанын айтты.
Мәжбүрлеп дамыту
Мамандардың айтуынша қазір ешкім егістіктерге түйіршік түріндегі минералдық тыңайтқыштарды шашумен айналыспайды. Тіпті әлемдік техника шығарушылардың машиналарының арасында ондай шашыратқыш машиналар жоқ. Жерді құнарландырудың тек екі түрі қолданыста.
Тақырып бойынша: «Қазақстанда бірегей тыңайтқыш дайындалды» мақаласын оқыңыз.
Біріншісі – егін себу кезінде, тыңайтқыштарды бірден енгізуді қоса, бірнеше операцияны жүргізуге мүмкіндік беретін арнайы сепкіштерді қолдану.
Екіншісі – егінге сұйық тыңайтқыштарды енгізу. Оның үстіне, қажетсіз шығындарға әкелетіні топыраққа енгізу емес, беткі қабатқа бүрку.
Әрбір әдіс артықшылықтар мен шектеулерге, соның ішінде арнайы техникаға ие. Сондықтан да, «Агристо» өсімдік қоректендіргіштерді шығара бастады. Алайда, Ресейде фермерлердің назарын қарату оңай болмағандықтан, компания өзінің алғашқы 8 жылында тек бірнеше агрегаттар сатқан. Бірақ қазір технология ақырында «сыналған» кезде, сату айына бес данадан тұрады.
Олег Евмененко: «Біздің өңірде табиғаттың өзі еркелетіп отырған фермерлер де бар», - деді. – Сондықтан олар жаңа нәрсені енгізуге асықпайды. Жауын-шашын жеткілікті, егіндер тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бірақ қазақстандық фермерлер мені таңдандырып, қуантты. Олармен көрмеде біздің өсімдік қоректендіргіштермен танысулары барысында таныстық. Олар бірден шешім қабылдады. Нәтижесінде, көктемде біз оларға 20 мың гектар алқапқа сұйық тыңайтқыштарды араластыруға мүмкіндік беретін ондаған агрегаттар мен ерітпе тораптарын жеткіздік.
Шынында да, тәуекелді ауылшаруашылық аймағында жұмыс істеу және құрғақшылық, бұршақ немесе басқа да апаттар салдарынан егінсіз қалудың тұрақты қаупі қазақстандық фермерлерді үнемі жаңалықтар іздеуге және инновациялар енгізуге итермелейді. Мақсат – тұрақты түсімге қол жеткізу.
Тақырып бойынша: «Қазақстанда өсімдік өсуін үдеткіштер шығарыла бастады» мақаласын оқыңыз.
Фермерлер өсімдік қоректендіргіштерді және сұйық тыңайтқыштарды қолданудың алғашқы тәжірибесін алды. Әрине, тиімділікті күзде, егіннен кейін ғана бағалауға болады. Нәтижесіне көз жеткзу үшін, сұйық тыңайтқыштар қолданылмаған бақылау жолақтары қалдырылды. Сондай-ақ, олар салыстырып қарау үшін де керек.
Ресейлік фермерлердің тәжірибесіне сүйене отырып, Олег Евмененко өнімнің шамамен 30%-ға өсуіне баға береді. Табыстылықты арттырудың тағы бір маңыздысы – тыңайтқыш құнын 50% төмендету.
Жер тынысы
Ресейлік маман қазақстандық фермерлермен ынтымақтастықтың жаңа басталғанын және одан әрі арта түсетінін атап өтті. Құрғақшылық жағдайда егін шаруашылығы мәдениетін едәуір жақсартатын болашағы бар техника ретінде, ол «Игловатор» инетісті тырманы қолдануды атайды. Бір қызығы, бұл қондырғы бір кездері Қазақстанда жасалған және Целиноградта шығарылған.
- «Игловатор» – бұл ресейлік және қазақстандық шаруалардың таптырмайтын құралы», – деп атап өтті Олег Евмененко. – Бұл бір кездері Целиноградта шығарылған қазақстандық БИГ-3 тырмасының бізбен жасалған нұсқасы. Көптеген фермерлер үшін ылғал – өсімдік дақылдарын өсірудің негізгі факторы болып табылатындығы белгілі. Тікелей себу технологиясын қолдану, ылғалды жақсы жинақтап, ұстай білу мүмкіндігіне байланысты таңдалды. Сонымен қатар, инетісті тырмалар тікелей себудің кемшіліктерін түзетуге көмектеседі.
Маманның пікірінше, ауыр инетісті тырманы қолдану күзде өсімдік қалдықтарын нитрификациялауды жеделдету және себу алдында ылғал жабу үшін өсімдік шаруашылығындағы міндетті әдіс болуы керек.
Сонымен қатар, инетісті тырмалар көптеген басқа да жағдайларда керемет нәтиже береді. Мысалы, оларды көпжылдық шөптердің алқаптарында пайдалану топырақ пен тамыр жүйесін аэрациялауға мүмкіндік береді.