Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Неліктен қазақстандық қойларға шетелдік қошқарлар керек
Қазақстанда 22-24 түрлі тұқымды қой өсіріледі. Бұларға байырғы тұқымдар да, селекционерлер шығарған жаңа тұқымдар да кіреді. Сонымен қатар, әлемде 600-ден астам қой тұқымдары бар. Сондықтан фермерлер арасында дамудың қай жолымен жүру туралы пікірталастар жиі болып тұрады. Кейбіреулер тек жергілікті, бұрыннан белгілі тұқымды өсіруді жақтайды. Басқалары ең жақсы шетелдік генетиканы әкелуді ұсынады.
Қой тұқымын асылдандыруды тек бір бағытта ғана емес, жан-жақты дамытқан дұрыс. Сондықтан да осы пікірталаста ауыл шаруашылығының сарапшысы, Қазақстан Shopan-ata ұлттық қой өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаевтан пікірімен бөлісуді сұрадық.
«Бұйра» қойлар шындығы
Ресми деректерге көз жігіртсек, Қазақстанда өнімділігі жоғары асыл тұқымды қойлардың үлесі жалпы мал басының 12-13% құрайды. Алмасбек Садырбаев әлемдік стандарттарға сәйкес асыл тұқымды қой үлесінің 10-15% болуы оңтайлы деп есептейді. Алайда сарапшы қазақстандық статистиканың дұрыс екендігіне күмән келтіреді. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығындағы артық берілген жалған есептің қой шаруашылығына да әсер еткені анық.
- Азғантай мал фермасына деректерді бұрмалаумен айналысудың қажеті шамалы, - деп атап өтті Алмасбек Садырбаев. – Бұл ірі шаруашылықтардың ісі, көрсеткіштерін артық көрсетуден жалықпайды. Көпке топырақ шашқым келмейді, жаппай осындаймен айналысады деуден аулақпын, бірақ осындай түйткілдің бар екендігі өтірік емес. Өнімділігі жоғары етті малға ие екендігі туралы құжат жасатқанымен, бұл етті малы ауылдағы шағын фермердің қарапайым тауарлық мал басынан артта қалып жатады. Осыған орай мемлекетіміздің асыл тұқымды мал басын асылдандыру жұмыстарын бәсекелес ортаға тапсырғаны дұрыс болды. Нарық бұл мәселені ретке келтірер деп ойлаймын.
Суретте: Алмасбек Садырбаев
Қазір Қазақстанда қой шаруашылығында әр түрлі бағытта жетекшілік ететін он беске жуық палаталар бар. Өйткені тұқымдар көптеген айырмашылықтарға ие, сапасына қарай қой жүні биязы жүн, биязылау жүн, қылшықты жүн, ұяң жүн деп ажыратылады. Өнімділік бағыты бойынша етті-жүнді, биязы жүнді-етті, биязы жүнді, құйрықты қой, етті-жүнді, сүтті, тықыр жүнді, ұзын жүнді және т.б. ажыратылады.
Тақырып бойынша: «Қазақстан қой етін экспорттаушы ТОП-12» оқыңыз.
- Уақыт бәрін орнына қояры анық. Нақты жұмыс жасап жатқан палаталар тұқымды түрлендірумен айналысуда. Асыл тұқымды селекциялық жұмыс нарық еншісінде. Ал жалған құжаттар жасаушылардың болашағы күңгірт. Асыл тұқымды мал басының 12-13% екендігіне келетін болсақ, бұл бұрмаланған мәлімет. Бұрмаланған мәліметтер мал шаруашылығы бойынша ғана емес, басқа да көптеген қызмет салаларынан көрініс табуда. Бұл біздің қоғамымыздың қасіреті, - деп пікірімен бөлісті Алмасбек Садырбаев.
Асылдандыру келешегі
Бұл жерде біз тұқымдардың артықшылықтарына тоқталатын болсақ. Әрине, жергілікті қойлар Қазақстанның климатына және ұстау жағдайларына жақсы бейімделген. Алайда, бүкіл әлемге белгілі тұқымдар (Гемпшир, Саффолк, Тексель, Дорпер) ұзақ уақыт бойы жеткізушілерді таңдауда сатып алушылар бағдарланатын брендтерге айналды. Дұрыс маркетинг, сауатты позициялау – сыртқы нарыққа шығу шарты. Жақсы генетика тасымалдаушыларының басқа да артықшылықтары бар. Қазақстандық фермерлердің міндеті – отандық және әкелінетін жануарлардың күшті жақтарын біріктіруге тырысу.
- Аналық мал басы үшін ең ұтымды тұқым, ол жергілікті байырғы қойдың түрлері. Ол дегенміз Еділбай, Сарыыарқа тұқымы, Байс, Дегерес тұқымы, Гиссарлармен будандастар – жалпы, мұның бәрі бұрыннан белгілі жергілікті аборигендер. Олардың көбеюі тез. Олар өте мықты, төзімді, жергілікті климаттық жағдайларға және қоршаған ортаға жақсы бейім болғандықтан, олар біздің дәстүрлі жем-шөптерімізді жақсы қабылдайды. Сондықтан да, осы тұқымдардың көбейтілуіне басым назар аударылуы керек. Бірақ бір кедергісі, етіміздің әлемдік деңгейге сәйкес келуі үшін, жергілікті қойларды генетикалық тұрғыдан әлемдік асыл тұқымдармен, оның ішінде Гемпшир, Саффолк, Дорпер, Рамбуйе, Тексель тәрізді етті бағыттағы асыл тұқымды қошқарлармен будандастыруды қолға алу қажет. Сонда бізде бүкіл әлемге танымал және тамсана жейтін қой еті сатылатын болады. Кез-келген елге, дәл сол Қытайға барып Еділбай туралы айтып көр. Қытайлық сені түсінбейді, өйткені бұл бренд оған ештеңе айтпайды, соған сәйкес қызығушылығы да жоқ. Бұл атау оған жәй ғана «хайлаулімге» ұқсас дыбыс жинағы. Сізге «Ауди» және «Хайлайлім» көліктері ұсынылады, сіз қай брендке көбірек сенім артар едіңіз? Жауабы анық, деп түсіндірді Алмасбек Садырбаев.
Мал шаруашылығында кроссбридинг технологиясы (ағылшынша crossbreeding, cross – бұдандастыыру және breeding – көбейту) кеңінен қолданылады. Бұл жаңа және жетілдірілген түрлер алынатын тұқым аралық будандастыру. Қой өсіруде де қолданылады.
Тақырып бойынша: «Арал маңындағы мал өсірушілер қаракөл шаруашылығына қолдау қажет дейді» мақаласын оқыңыз.
- Міне, байырғы қой малын әйгілі әлемдік тұқымдардың қошқарларымен будандастыырған кезде, біз танымал және сонымен бірге ең жақсы бастапқы қасиеттерін сақтайтын кросстарға ие боламыз, - деді Алмасбек Садырбаев. Қой шаруашылығындағы бүкіл әлем көшбасшылары – Австралия, Жаңа Зеландия, Судан кросстармен айналысады. Олар қой өнімінің бұлшық еттері дамыған, биязы жүнді, терісі қатты ең көтеріңкі көрсеткіштеріне ие, мұның бәрі кросс арқылы беріледі. Осылайша, нәтижеге жетіп, тіл үйірер қой, бал татыған бағлан етін береміз. Сыртқы нарық үшін ең маңыздысы – жоғары сапалы өнім.
Ақ «мәрмәр» ет
Отардың сапалы көрсеткіштерін жақсарту және әлемдік нарықта ілгерілету фермерлердің біліктілігіне тікелей байланысты. Мұнда, оларға асылдандырудың қыр-сырын білу аз, оларға әлемде не болып жатыр, қазақстан етін негізгі нарықтарға өткізу барысында ненің сұранысқа ие екендігі туралы түсінігі болуы керек. Осы білімге сүйене отырып, оңтайлы тұқымды таңдауды қоса, дамыту туралы шешім қабылдаған жөн.
- Қазір біздің фермерлерді айқын нәрсеге – қойдың ақ түсті түрін таңдауға үйретуіміз керек. Өйткені, тері өңдеушілері арасында ақ тері сұранысқа ие, ал кеңінен таралған қара тері ешкімге керек емес деуге болады. Ақ теріні түрлі түстерге бояп құлпыртуға болады, ал қараны құлпырта алмайсын. Құрметті фермерлер, ашық, қызыл, сары, ақ, шетен реңкті қойларды өсіріңіз дейтінім де осыдан. Бұл жүнге де қатысты. Италия мен Қытай өңдеушілері ақшыл жүнді кемпірқосақтың барлық түстеріне түрлендіреді. Нәтижесінде, ақшыл түсті қойлары бар фермерлер етін ғана сатып қоймай, қосымша табысқа кеңеледі. Бұл қой шаруашылығы қауымдастығының, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдында тұрған стратегиялық міндет, деді Алмасбек Садырбаев.
Тақырып бойынша: «Қазақстанда қой еті қашан №1 болады екен» мақаласын оқыңыз.
Ет нарығында да ұқсас жағдай. Қазақстанда қазіргі кезде негізінен құйрықты бағыттағы қой мен марқа еті өндіріледі. Отандық қой өнімінің сыртқы нарықта сұранысқа ие болуы үшін, сөлді, май етпен қабаттасып бір ет, бір май болып орналасқан қой және марқа еті сұраныста екенін жақсы түсіну керек. Тұқымды таңдау кезіндегі бір бағдар осы – мал басын мәрмәр қой етін өндіруге келтіру.
- Мұның бәрі кросс көмегімен жасалады, - деп түйіндеді сөзін Алмасбек Садырбаев. – Өз қойларымызды етті бағыттағы асыл тұқымды қошқарлармен будандастырудамыз, дәмді ет алуға жақындадық. Жүндері ағарып, терілері барынша қалың және берік болып келеді. Жұқа тері де құнын жоғалтқан жоқ. Италияның сапалы аяқ киімі, әлемдік брендтердің керемет киімдері жақсы теріден жасалады. Кросстармен әдіс әлемде өзін көрсетті. Сондықтан да, басқа нәрсе ойлаудың, Американы ашудың, велосипед ойлап табудың керегі жоқ. Әдіс баяғыдан бар, бізге қажеті қазіргі технологияны қолдау ғана.