KazAgro/KazFarm 2022

KazAgro/KazFarm 2022 көрмесі дәстүрлі түрде 12-14 қазанда Астанада есігін айқара ашады. Экспозиция EXPO-орталығының барлық аумағын – 20 мың шаршы метрді алады. Мұнда қатысушылар мен келушілер аграрлық өндіріс пен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үшін қажетті тауарлар мен қызметтердің барлық спектрін таба алады. Биыл көрмеде 20 елдің 300-ге жуық компаниясы өз өнімдерін ұсынады.

2021 жылы көрме астаналық EXPO-орталығының барлық кеңістігін толтыра отырып, қатысушылардың барынша көп санын жинады. Кең экспозиция және мазмұнды іскерлік бағдарлама көрме орталығына көптеген келушілерді тартты.

KazAgro/KazFarm көрмесі аясында Астана қаласында жақын және алыс шетелдердің салалық министрліктерінің басшылары мен мамандарының қатысуымен «Агротрендтер» халықаралық форумы және Орталық Азия форумы өтеді.