Agritechnica 2025

Agritechnica 2025 ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарының әлемдегі ең ірі көрмесі 2025 жылдың 9-15 қарашасында Ганноверде өтеді. Іс-шараны ұйымдастырушы DLG биылғы жылдың жетекші тақырыбын Touch Smart Efficiency - Ақылды тиімділікке қол жеткізу деп анықтады.

Көрмеге қатысушылар әлемнің түкпір-түкпірінен келушілерді агробизнесті тиімділікке, тұрақтылыққа және өнімділікке жетелейтін инновациялық желілік ауылшаруашылық жүйелерімен танысуға шақырады.

Цифрлық технологиялар (датчиктер, дрондар және бұлттық қызметтер, жасанды интеллект) топырақ, ауа-райы және вегетациялық кезең туралы нақты деректерді жинауға көмектеседі. Бұл деректер өсімдіктерді дәлірек себуге, суаруға, қоректендіруге және қорғауға мүмкіндік береді.

ElDala.kz командасы портал оқырмандарына Аgritechnica 2025-тен репортаждар ұсынады, онда көрменің ең қызықты оқиғалары туралы әңгімелейді.