ҚазАТУ ғалымдары Ақмола облысындағы ең қауіпсіз балықты атады

Қазақстанда балық аулаудың жазғы маусымы басталды. Осы сәтте Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеттің ғалымдары аймақтағы белгілі су қоймаларындағы балықтарды зерттеді.

Балық - дәрумендерге, минералдарға және омега-3 қышқылдарына бай пайдалы тағамдық өнім. Алайда балық та адам денсаулығы үшін қауіпті бола алады. Себебі балықта әртүрлі қосылыстар жиналуы мүмкін. Дәл осы параметрлер С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ғалымдарының зерттеу тақырыбына айналды.

 

Сыртқы көрінісі жаман емес

Сапа көрсеткіштерін анықтау кезінде ғалымдар Ақмола облысының су қоймаларындағы балықтар барлық нормативтік талаптарға сай келетіндігін анықтады.

Алайда, Нұр-Сұлтан қаласының базарларынан алынған балықтарды зерттеу барысында кейбір жағдайларда нормадан ауытқулар байқалды. Оның себептерінің бірі - тасымалдау, сақтау және сату барысында санитарлық талаптардың бұзылуы.

Сонымен қатар, органолептикалық зерттеулер барысында Целиноград ауданының Шнет көлінен алынған күміс мөңке балықта қызыл дақтар бар екендігі анықталды. Мұндай ауытқулар көбінесе аэромонозбен байланысты болады.

Тақырыпты оқу: ҚазАТУ-Қазақстандағы ірі аграрлық ЖОО болып табылады

Ғалымдар күмәнді жағдайларда балықтың жаңа ауланғанын тез анықтайтын жедел әдіс бойынша сынақтан өткізді. Бұл әдістер ҚазАТУ-да әзірленді және қазіргі аналогтардан айырмашылығы, олар өте сенімді және айқын нәтижелерді көрсете отырып, тезірек зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді.

 

Шортан балық бәрінен де  «таза»

Ақмола облысының су тоғандарындағы зерттелген балық түрлерінің құрамында уытты, зиянды элементтердің қалдық мөлшері нормадан аспағандығы жақсы жаңалық болып саналады.

Сонымен бірге әр түрлі балық түрлерінде зиянды заттардың жиналуы әртүрлі болады. Ең тез «ластануға» бейім болып саналатын балықтар:мөңке, тұқы және торта. Шортан «ең таза»  балық болып шықты.

Ғалымдардың пікірінше, ең маңызды жағдай балық ауланған су қоймасының қауіпсіздігі екені анықталды.

Тақырыпты оқу: Еуропалық балмен салыстырғанда Қазақстандық бал ең қауіпсіз

Ең қауіпті балықтар Ұялы-Шалқар көлінен ауланғандары белгілі болды, онда кадмидің мөлшері 3,5 есе, сынап 1,8 есе, қорғасын Шнет көлі мен Майдан су қоймасындағы  балықтарға қарағанда 1,5 және 2,8 есе көп.

Мұның себебі соңғы екі су қоймасы тұйық, ондағы су ешқайда ағып кетпейді. Ондағы су тек  жауын-шашынмен толады. Көктемде Ұялы-Шалқар көліне Нұра өзенінен су келіп құйылады. Экологиялық бюроның айтуынша, оларға өнеркәсіптік ағынды сулар келіп құйылады.

Бұл қоймадағы су  флора және фаунамен өзара әрекеттеседі және судағы тірі организмдерде ауыр металдардың жиналуына әкеледі. Улы элементтер трофикалық тізбек бойынша адам ағзасына әсер етіп, олар әртүрлі ауруларға шалдығады.

 

Қауіпті құрттар

Ғалымдар балық етінен радионуклидтерді таппады, алайда жағымсыз «заттардың» бірі болып табылатын - жалпақ құрттарды анықтады. Зерттелген 242 балықтан гельминт инфекциясы   табылған. Олар Майдан су бөгетінен ауланған және онда 72% жағдайда жоғары инвазия деңгейі анықталды.

Сондай-ақ, Шнет көлінен ұсталған күміс мөңке балықта аэромоноз (жұқпалы ауру - қызамық ауруы) ауруы болды.

Енді балықшылар осы зерттеу нәтижесінен қорытынды шығаруларына болады. Алдағы уақытта балық сорпасын жасау үшін балықты қайдан аулау керектігін таңдайтын болар.  Себебі балықтың пайдасымен қатар зиянды болуы да мүмкін екендігін ұмытпаулары қажет.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.