Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Пандемия халықтың сапалы, таза асқа деген қызығушылығын арттырды
Коронавирустық пандемия денсаулықтың тамақтану әдеттеріне тәуелділігін айқын көрсетіп берді. Қант диабетімен ауыратын адамдардың COVID-тен болатын өлім қаупі 70-80% артады. Диабет қана емес, артық салмақтың өзі сауығып кету мүмкіндіктерін азайтып отыр.
Құнды тәжірибе
Сонымен, індет Қазақстанда халықтың дұрыс тамақтану қағидаттары туралы өте төмен хабардар болу түйткілін ашты. Карантин енгізілген сәттен бастап, Қазақстан азық-түлікке байланысты бірнеше «дүркіндерді» бастан өткергенін еске түсіру жеткілікті. Олар сасқанынан біресе зімбір мен лимон, біресе құйрық майын, одан қымыз бен шұбат, енді бірде бал өнімдерін жаппай сатып ала бастады.
Бұл өнімдер шынымен де пайдалы болар. Бірақ иммунитетті тамақтың бір түрінен екінші түріне күрт ауысу емес, дұрыс тамақтану қағидасын тұрақты ұстану және сапалы, таза өнімді тұтыну ғана арттыртынын бірі білсе, бірі білмес.
Осы факторларды ескере отырып, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы мен ҚР Ғылым және білім министрлігі экологиялық білім беруді дамыту жобасын іске қосуға дайындауда. Бұл қалдықтарды басқару мен энергияны үнемдеуден бастап биоалуантүрлілікті сақтауға дейінгі сұрақтардың толық спектрін қамтитын ауқымды тақырып.
Тақырып бойынша оқыңыз: Дағдарыс қазақстандық органикалық заттардың дамуына қалай көмектеседіБірақ маңызды мәселелердің бірі – дұрыс тамақтану және құнарлы тамақ өнімдерін жасау.
Жаман әдеттер
Бұл тақырып бойынша білім баяғыда-ақ жүйеленіп, жұмысын сәтті жалғастыруда. Ол балаларды кішкентай кезінен бастап оқытуға негізделген.
- Еуропада бастауыш сынып оқушыларының әлеуетін пайдалану әдетке айналған, - деді Қазақстанның органикалық өнім өндірушілер одағының сарапшысы Әлия Егізбекова. – Өйткені, балалар бәрін жақсы қабылдап, есте сақтаумен қатар, олар үнемі жақсы жаңалықтарымен ата-аналарымен бөліседі. Сөйтіп, бірден қосарлы әрекет жасалады. Нәтижесінде, қоғамда сауаттылық деңгейі артып келеді. Біз осындай алдыңғы қатарлы елдердің барлық әдістемелерін жинап, материалдарды біріктіріп қана қоймай, Қазақстанда пайдалануға икемдей келіп, жұмыс істейтін әдістемелік құралдар шығара аламыз. Біз IFOAM International-ға кіреміз, органикалық егіншілік және экологияны сақтау секторында жұмыс істейтін жетекші халықаралық сарапшылармен үнемі тәжірибемізбен бөлісіп, ақпаратпен алмасамыз. Бұл әлеуетті Қазақстанда да пайдалану қажет.
Суретте: Әлия Егізбекова
Сонымен қатар, әлемде халықтың басқа топтарымен: жасөспірімдермен, студенттермен, сондай-ақ оқытушылар мен қайта даярлауға мұқтаж мамандармен ақпараттық жұмыс тәсілдері жолға қойылған. Мұның бәрі семинарлар барысында жасалады.
Тақырып бойынша оқыңыз: Еуропалық нарықта қазақстандық фермерлерге қандай салада мүмкіндіктер болады?Қазақстандықтардың тамақтану әдеттеріндегі ең жаман жүйелі қате – тұтынылатын тағам құрамындағы қанттың асыра мөлшері. Сарапшылардың мәліметінше елдің орташа тұрғыны нормадан екі есе көп жейді екен. Бұл ретте, ҚР АШМ-де жаңа қант зауыттарын салуды қолдайтын жоспар жасалды, өйткені Қазақстанның ішкі нарығы сұранысының жартысы импортпен жабылады. Адамның өмірін жалмауы мүмкін мұндай жаман әдеттен тамақтану әдеттерін өзгерту арқылы бас тартуға болады.
- Жейтін қантымыздың жартысын сусындар мен аспаздық бұйымдар арқылы қабылдаймыз, - деп түсіндірді Әлия Егізбекова. – Осындай қантың құрамы жоғары бос тамақ өнімдерінің қолданылуын шектеп, қысқартуымыз керек. Осы жаңа әдетті бойымызға сіңіру керек! Тағамға табиғи тәттілерді, бал мен кептірілген жемістерді пайдалануымыз, өркениеттік тәсілді ұстануымыз керек. Қант пайдаланбайтын елдер де бар, мысалы, Жапония. Бұл ол ұлттың денсаулығына жағымды әсер етеді.
Екі жол
Бұл ретте, ағартушылық жұмыс «таза» өндіріске өту шешімін қабылдаған отандық фермерлерімізге қолдау болар еді. Өйткені ішкі нарықта экологиялық өнімге деген сұраныс жоғары емес. Қазақстандықтардың таза тағамның артықшылығын түсіну деңгейі артқан сайын сұраныс та өседі, ол отандық ауыл шаруашылығында осы саланың дамуына мағыналы қолдау болады.
- Сондықтан да, Қазақстанның органикалық өнімін өндірушілер одағы мүшелері халық сауатын арттыруға тікелей мүдделі, - деп атап өтті Әлия Егізбекова. – Қазіргі кезде фермерлер негізінен экспортқа жұмыс істейді, бірақ бұл өткізу жүйесі тым сенімсіз, ол көптеген факторларға тәуелді және Қазақстандағы экспортқа салынған тыйымдардан бастап, Еуропаның өзінен жеткізілімдерге шектеулерді қоса, аркідік сәтсіздіктерге ұшырайды.
Тақырып бойынша оқыңыз: Қазақстан Органикалық өнім экспортынан 15 млн еуро табыс таптыБіздің еліміздегі пайдалы тамақ өндіру процесінің өзіне тоқталатын болсақ, онда Одақ өсімдік шаруашылығында әртүрлі агрохимия түрлерін, ал мал шаруашылығында – гормонды препараттар мен антибиотиктер қолдануды төмендетуді жақтап отыр. Осы тұрғыда оның сарапшылары фермерлердің құзыретін арттыру үшін жұмыс істеуге дайын.
- Таза органикалық заттар, әрине, қымбат және барлығының қалтасы көтере бермейді, - деді Әлия Егізбекова. – Сондықтан да, химияны артық қолданудан бас тарту көзделетін өтпелі стандарттар шығып жатыр. Біз де фермерлеріміздің осы стандарттарға сәйкес жұмыс істеуге даярлауға дайынбыз. Олар әртүрлі салаларда – сүт, жұмыртқа, ет және тағы басқа өндірістерде бар.
Тақырып бойынша оқыңыз: Қазақстанда «таза-табиғи» тағамдарға деген сұраныс артып келедіАгрохимия өндіруші ірі әлемдік концерндердің өз өнімдері желісіне биопрепараттарды қоса бастағанын айта кету керек. Яғни, қазір фермерлердің таңдауы бар, ескі жолмен жұмыс істеу немесе экологиялық таза даму жолымен жүру.