Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Пандемия әлемдегі шарап өндірісіне әсер етпеді – №27 АгроДайджест
Италия Еуропалық Одақта шарап өндірісі бойынша көшбасшы
Пандемияға қарамастан, биыл Италия 47, 2 миллион гекталитр көрсеткішімен Еуропадағы ең ірі шарап өндіруші болып қала бермек.
Бұл өткен жылғы 47,5 миллион гекталитр өндірілген көрсеткіштен бір пайызға ғана аз. Шарап өндірісін қолайлы агроклиматтық жағдайлар қолдады: қыс жұмсақ, көктем ылғалды әрі қалыпты болды. Жоспар бойынша жиналуы керек жидектің тамаша сапалы 20% жинап үлгерді.
Жекелеген аймақтардың ішінде Венето провинциясы ең жақсы жүзім өндіруші болып алға суырылып шықты, өндірісін бір пайызға көтерді (11 миллион гекталитрге дейін). Сонымен қатар 8,5 және 7,7көрсеткіштерімен Апулия және Эмилия-Романья көшбасшылар үштігіне енді.
Басты бәсекелестер болып келетін Франция мен Испания біршама аз көрсеткіштер күтуде, 43,4 және 43 миллион, дегенмен бұл сәйкесінше үш және 13 пайызға артық. Коронавирус бұл елдердегі жүзім өндірісіне ішінара әсер еткенімен, өнімнің аздап артуын және жидектің үздіксіз жиналуын өтемекші.
Хэбэйде халықаралық шарап жәрмеңкесі есігін ашты
4 қыркүйекте, жұма күні Қытайдың солтүстігіндегі Хэбэй провинциясында Халықаралық жәрмеңкесі есігін айқара ашты.
Аргентина, Франция, Грузия, Италия, Чили және Оңтүстік Африка сияқты елдерден 145-тен астам мықты бренд компаниялар Чжанцзякоу қаласындағы Хуайлай уезінде өтіп жатқан Қытай халықаралық шарап жәрмеңкесіне қатысып, шараптарын саудалады.
Шара барысында шарап дайындалатын зауыттарға экскурсия жасалып, шарапқа сай келетін таптырмас тағамдар дайындаудан шеберлік кластар өткізілді.
2019 жылы Пекин-Чжанцзякоу жүрдек темір жол пайдалануға берілгеннен кейін, Пекиннен Хуайлай уезіне небары жарты сағатта беруға болады.
Ашылу салтанатында уезд басшысының орынбасары Ван Сяошун Хуайлай уезінің Пекинге ең жақын шарап аймағы екенін, болашақта астананың негізгі экономикалық шеңберіне жақын шарап өндірісінің мәдени кластерін құрайтынын айтты.
Шарап саудасымен айналысатын Пекин халықаралық алкогольді сусындар биржасы да шараны ұйымдастыруға өз үлесін қосты.
Иран 3 миллион тонна ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттады
Ағымдағы Иран жылының бес айында (20 наурыз – 21 тамыз) Иран 2 миллиард долларға 3 миллион тонна ауылшаруашылық өнімдерін экспорттады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тоннасы және құны бойынша 22,5% және 10,05% өсуге сәйкес келеді.
Иран Ислам Республикасы Кеден басқармасы басшысының техникалық мәселелер жөніндегі орынбасары Мехрдад Джамал Оранканың айтуынша, осы кезеңдегі негізгі экспорт тауарларын пісте, қызанақ пен томат пастасы, қарбыз, ірімшік, печенье, тоқаштар мен шоколад құраған.
Иранның экспортыының негізгі бағыттары Ирак, Ауғанстан, БАӘ, Ресей, Пәкістан, Қытай, Түркия, Германия, Гонконг және Үндістан болды.
Ресейде ет экспортының өсуі импорттан асып түспекші
Ресейден ет экспорты 2021 жылы оң қарқынды сақтай отырып, импорт көлемінен асып түсуі мүмкін, деп мәлімдеді Ұлттық ет қауымдастығы атқару комитетінің басшысы Сергей Юшин.
- 2020 жылы Ресей құс пен шошқа етін таза экспорттаушы ретіндегі мәртебесін нығайтты. Ет импорты мен халықаралық нарыққа жеткізілім көлемдерінің арасындағы алшақтық тез қарқынмен қысқаруда, енді біздің алдымызға жақын болашаққа келелі міндеттер қоюға толық негіз бар, - деді Юшин. - Егер қазіргі оң қарқын жалғасатын болса, 2021 жылы үшінші елдер нарығына ет жеткізілімі импорттан басым болады деп күтеміз.
Юшиннің айтуынша, Ауылшаруашылық министрлігі мен Россельхознадзор өнімді жеткізу географиясын кеңейтуде ауқымды жұмыс жасады. Жаңа нарықтардың ашылуы экспортты әртараптандыруға да мүмкіндік береді.
2019 жылы Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың барысы мен нәтижелері туралы ұлттық баяндамаға сәйкес ет және сүт өнімдерінің экспорты өткен жылы 88 миллиард долларды құраса, аталған өнімдердің 2020 жылға арналған экспорттық көрсеткіші 339 миллиард долларды құраған.
Ұлыбританияда СОVID-19 шөжелерге жеткен
Ұлыбританияда COVID-19 індетінің салдарынан 400 мыңнан астам, Англияда 300 мың, Шотландияда 110 мың бройлер жойылады.
2020 жылдың жазында COVID-19 кең етек алуына байланысты британдық фермалардағы жануарлардың біршама бөлігі жойылды. Ірі қара мал мен шошқа қасапханасының қуаты сәйкесінше 25% және 40% қысқарды. Англияның шығысындағы Норфолк графствосындағы «Banham Poultry» компаниясының ірі құс комбинатында сынақтан өткеннен кейін 75 жаңа коронавирусты тасымалдаушылар анықталып, қызметкерлердің жартысы өзін-өзі оқшаулауға жіберілген. Енді ауру жұқтырған жұмыскерлер баққан 300 мың бройлер тамақ өнімдері өндірісі үшін жарамсыз. Олар улы қышқыл газбен ингаляциялау әдісімен ұйықтатылатын болды.
Шотландияның кішігірім Купар Ангус қаласындағы «2 Sisters Food Group» компаниясының аптасына 1 миллион бас құс өңделетін ірі қасапханасында, ең ізгілікті болып саналатын заңмен белгіленген тәсілмен 110 мың бройлер жойылады.
Әлемде азық-түлік қымбаттауда
Әлемдік сұраныс пен АҚШ доллары бағамының төмендеуі әсерінен алдыңғы екі айдағыдай тамызда да әлемде азық-түлік тауарларының бағасы өсті. Бұл туралы БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы хабарлады.
ФАО-ның азық-түлік бағаларының индексі орта есеппен 96,1 тармақты құрады, бұл шілдедегі көрсеткіштен 2%-ға жоғарылаған. Бұл 2020 жылдың ақпан айынан бергі ең жоғары айлық деңгей.
Жемдік астық бағалары ең маңызды өсімді көрсетті. Құмайдың бағасы Қытайдың импортқа деген сұранысының артуына 8,6 пайызға көтеріліп, бір жыл бұрынғы деңгейден 33,4 пайыз көрсеткішке тірелген. Жақында АҚШ-тың Айова штатындағы жүгері дақылдарының зақымдануы ұсынысқа жағымсыз әсер етуі деген алаңдаумен, бұл дақылдың бағасы 2,2 пайызға өсті.
Әлемдік күріш бағалары да маусымдық ұсыныстың қысқаруы мен Африка елдері тарапынан сұраныстың артуы әсерінен қымбаттады.