Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
ҚазАТУ ғалымдары егін өнімін қалай шығындамау керектігін айтты
Егіс алқаптарының құнарлы болмауы ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымын тежейді. Егіндік сапасына зиянды шөптер әсер етеді. Арамшөп – егіс зиянкестері мен ауру қоздырғыштардың мекені әрі оларды тарататын ортасы. Әдетте арамшөптердің тамыры дақылдарға қарағанда топырақтағы қажетті қоректік заттар мен ылғалды 1,5-2 есе көп сіңіреді. Егістіктің ластануына байланысты дәнді дақылдарға минералдық заттардың жетіспеуі 30% - ға дейін барады. Осыған байланысты бидай дәнінің құнарлылығы айтарлықтай төмендейді. Шаруашылықтағы қосымша шығындардың бірі астықты арамшөптерден тазалау жұмысы. Жалпы алғанда шамамен 30% - ға дейінгі шығын топырақты өңдеу мен арамшөртерден тазартуға кетеді.
Тақырыпты оқу: Қазақстандағы егін егу жұмыстарының хроникасы (жаңартылады)
Егін алқаптарын қалай таза ұстау керегін және өнімге көп шығын жұмсамаудың жолдары туралы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің доценті, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты Ренат Карипов түсіндіріп айтып берді.
Агрокүнтізбе
Арамшөптер – егіс алқаптарында өсетін жабайы өсімдіктер. Қазақстанда оның 300-ден астам түрі бар, ал көп таралған 120 түрі өте зиянды болып есептеледі. Солардың бірі-кәдімгі қара сұлы. Ол егіндіктің 34,8% -ында өседі. Арамшөп қолдан егілген дақылдар сияқты бір мезгілде емес, әртүрлі уақытта өніп көктейді әрі топырақта тіршілік қабілетін ұзақ мерзім сақтай алады.
Өсімдіктің төменгі бөлігіндегі тұқымдары-ең ірілері-2,5-3 ай ішінде өсіп өнеді. Сөйтіп олар негізінен астық комбайнның бункеріне түседі.
Арамшөптердің орта бөлігіндегі тұқымдар 6-7 ай өткеннен кейін шыға бастайды, ал жоғарғы жағындағы ең ұсақ тұқымдары 16-17 ай өткен соң өнеді. Сонымен қатар, қара сұлы арамшөбінің дәндері 3-5 жыл бойы топырақта сақталады.
Сұлы тұқымын себу шілде айының ортасынан басталады. Жаздық дақылдарды жинау кезінде сұлының піскен дәндері шамамен 70% - ы себіледі де, топырақтағы тұқым қорын толықтырады, ал қалғаны 30% - ы астыққа келіп түседі.
Ешқашан қара сұлы мен басқа да арамшөптерді жоймайынша астық дақылдарын себуге болмайды. Дәнді дақылдарды себу мерзімін дұрыс таңдау керек және егін егу алдында жүргізілетін топырақты өңдеу жұмыстары дұрыс жүргізілу қажет. Сонда ғана қара сұлы арамшөбінің қорын 60-70% - ға төмендетуге болады және егістік тазалығын қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.
Дақыл кеш отырғызылған сайын, арамшөптер де соғұрлым көп шығады. Егін егу алдындағы топырақты дайындап, өңдеу арқылы арамшөптеді көбірек жоюға болады.
Сондықтан қатты ластанған алқаптарда дән себу мерзімдерін таңдау кезінде дақылдардың вегетациялық кезеңінің ұзақтығын есептеу керек, себебі олар күзгі аязға дейін пісіп үлгеруін ескеру қажет. Мұндай алқаптарда көбінесе ерте пісетін бидай сорттарын немесе сұлы, арпа сияқты тез пісетін дақылдарды сепкен дұрыс.
Солтүстік Қазақстан жерінде қара сұлы әдетте мамыр айының екінші онкүндігінде шығады, ал топырақ температурасы 10-14°С болады. Бұл кезде тәуліктік ауа температурасының орташа көрсеткіші 260-ты құрайды, ол әдетте қайыңдар бүршік атқаннан кейін 4-5 күннен кейін байқалады. Қара сұлы тамыры 20 см тереңдікке дейін, ал кей жағдайда - 6-10 см тереңдікке дейін жайылады.
Тақырыпты оқу: Қазақстанда құрғақшылық болуы мүмкін деген болжам бар
Агротехнология
Топырақты жүйелі түрде көлденеңінен қопсытса, арамшөп тұқымдарының 70-80% топырақ бетіне жиналып, көктемде нашар өсетін болады. Сондықтан да алдын алу жұмыстары кезінде арамшөпті өсіріп барып, топырақты өңдеу керек. Өнімді жинағаннан кейін топырақты өңдесе, жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Осындай тазарту жұмыстарын жүргізу үшін ең қолайлы құрал- ине тәрізді тырма болып табылады. Осындай тіркеме құралы бар трактормен жерді жырту арқылы топырақ бетіндегі 80% - ға дейін арамшөпті жинап өтуге болады. Мұндай егіс алқаптарында топырақтың жоғарғы қабаты құрғап кетпей, арамшөп тұқымдары топыраққа араласпауы үшін жерді ерте көктемде тырмалаудың қажеті жоқ.
Арамшөптердің таралуына және көбеюіне дәндерді себу тәсілдері мен тұқымды өңдеу тереңдігі әсер етеді.
Мәдени дәнді дақылдарды сирек отырғызу және кешірек шығуы жердің ластануына әкеліп соғады.
Мәдени өсімдіктер аз болған сайын, арамшөптер көп болады. Демек, дұрыс себу нормаларын сақтау арам шөптермен күресте маңызды рөл атқарады. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістіктерінде дәнді елеп егу керек. Себебі онда арамшөптердің көшеті болуы мүмкін. Мұндай жерлердегі арамшөптер дақылдарға қарағанда көп болады және жақсы өседі.
Тұқымдарды отырғызу тереңдігін айтсақ, тым терең отырғызуға болмайды, бұл өскіннің әлсіз болуына, баяу дамуына себеп болып, жер бетіне шығуын қиындатады. Жаздық дәнді дақылдарды 6-8 см тереңдікке отырғызған дұрыс.
Егістікке себілетін дән тазаланған болуы маңызды. Тәжірибе барысында кездесіп жүрген жағдайдың бірі -3-сұрыпты тұқым егілген кезде, әр гектарға 7700-9100 дана арамшөп тұқымы түседі. Сондықтан бірінші сұрыпты тұқым егілген алқаптар ластанбаған болып табылады.
Тақырыпты оқу: Қиын қыстау кездегі ақпарат тәрізді: Қазақстан аграршылары дағдарыс жағдайына дайындалуда
Агрохимия
Қаншалықты тиімді болғанымен де, тек қана агротехникалық тәсілмен арамшөптерден құтыламыз деуге болмайды. Себебі арамшөп тұқымының көп мөлшері топырақта сақталады. Сондықтан да гербицидтерді астық өсіп жатқан кезде қолдануға мәжбүрміз. Олардың жаңадан түрлері шығарылуда, олар экологиялық жағынан қауіпті емес препараттар жасауда.
Егін егуден бұрын қара сұлы арамшөбін тікелей жою үшін гербицидтер қолданылады, атап айтсақ, Раундап экстра 54%, с.е., Торнадо 540 с.е.,Ураган форте 500 с.е. және т.б. Сонымен қатар жүйелі түрде әсер ететін гербицидтердің ерітінділері де пайдаланылады, оларға: Пума супер 100,к.э.,Топик супер 240,к.э., Овсюген супер,к.э., Овсюген экстра,к.э.,Барс супер 10%, к.э. және т.б. ерітінділер жатады.
Әдетте препарат біркелкі таралуы үшін жер бетімен жүретін штангалық бүріккіштермен гербицидтерді бүрку арқылы жасаған тиімді. Жер үстіндегі өңдеу кезінде жұмсалатын сұйықтықтың нормасы 150-250 л/га, ал авиа бүрку арқылы 25-50 л/га құрайды.
Гербицидтерді қолдану тиімділігі дақылдардың және арамшөптің даму фазасына, сыртқы ауа райы жағдайына байланысты. Егіс алқабындағы арамшөптер ертерек жойылған болса, олар мәдени өсімдіктерге аз зиян келтіреді. Дәнді дақылдар жаңадан өсіп, дамып келе жатқан кезеңде арамшөптерге аса сезімтал болады (түтікше болып шыққанға дейін). Жаздық дәнді дақылдарға гербицидтердің көпшілігін (арамшөптердің 2-3 жапырақтары фазасында) 18-24°С ауа температурасы кезінде, желдің жылдамдығы 4 м/сек-тан аспайтын кезеңде, ашық құрғақ ауа райында қолдану керек.
Тақырыпты оқу: Ғалымдар шегірткені жою шығындарын 15-20 есеге азайтуды ойлап тапты
Осылайша арамшөптермен күрес шараларының барлық тиімді тәсілдерін қолдану арқылы зиянкестерден құтылуға болады, бұл әдістер астық мөлшерін және сапасын арттыруға мүмкіндік береді.