Деректер немесе компания бөліміндегі ақпаратты жаңарту үшін жаңартылған деректерді электронды пошта арқылы жіберіңіз info@eldala.kz
Facebook-тегі профилі
Алтаев Нұржан Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі
1999 жылы — «Қайнар» университетін бітірген.
2004 жылы — М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы – заңгер.
2012 жылы — Әлтаев Нұржан Академиялық инновациялық университетін бітірген, мамандығы – экономист.
2019 ж. — Әлтаев Нұржан Almaty Management University бітірді.
Әлтаев Нұржан — іскерлік әкімшілендіру докторы.
Нұржан Әлтаевтың карьерасы
2003-2004 жылдары — Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттік мәселелер жөніндегі проректоры, «Заңгер» жас заңгерлер клубының президенті, Оңтүстік Қазақстан облысының жоғары оқу орындары мен арнайы оқу орындарының «Отан» партиясы жастар қанатының көшбасшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Құқықтық Қазақстан үшін» РМК жастар қанатының көшбасшысы.
2005-2007 жылдары — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің халықаралық ынтымақтастық және ведомствоаралық үйлестіру бөлімінің басшысы.
2007 ж. — ҚР Ішкі істер министрлігі есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің жедел уәкілі, бөлім бастығы
2007-2010 жылдары — «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» Басқарма мүшесі, Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің менеджері, бас менеджері, директоры.
2009-2010 жылдары — «Шымкент» халықаралық әуежайы» Директорлар кеңесінің мүшесі.
2010-2011 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы.
2010-2011 жылдары — «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» Директорлар кеңесінің мүшесі.
2011-2012 жылдары — «Максимум» өңірлік инвестициялық орталығы» бас директорының орынбасары.
2012-2013 жылдары — «ОҚО кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» директоры.
2013-2014 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры.
2014-2017 жылдары — Әлтаев Нұржан «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары.
2016 ж. — «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» тәуелсіз директоры.
2017-2018 жылдары — Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі.
2018-2019 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
2019 жылдың қазан айынан бастап — El Tiregi («Ел тірегі») өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағының Басқарма төрағасы.
Сайланбалы лауазымдар, депутаттық
2004 ж. — Әлтаев Нұржан 3-ші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат.
2016 ж. — «Нұр Отан» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат.
2019-2020 жылдары — Әлтаев Нұржан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Марапаттар мен атақтар
2016 жылғы желтоқсан — Әлтаев Нұржан «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалін алды.
Нұржан Әлтаев «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», III дәрежелі «Іске адалдығы үшін», «Батыр Шапағаты», «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығының 10 жылдығына орай, ҚР ІІМ «Құқық тәртібін қамтамасыз етудегі үздік қызметі үшін» медальдарымен марапатталды.
2019 ж. — Әлтаев Нұржан «Жыл парламентарийі 2019» номинациясы бойынша «Халық сүйіктісі» сыйлығын алды.
Дәйексөздер
«Белгілі дәрежедегі қиын уақытқа тап келіп отырмыз. Бірақ екінші жағынан, кез-келген дағдарыс – сондай-ақ үлкен мүмкіндіктер. Ұзақ уақыт бойы ДСҰ туралы, ашық нарықтар туралы сөз қозғап келгенімізбен, бірақ қазір мұндай ұйымдардың барлық апоголеттері шекараларын жауып, өз өндірістерін қорғауға кірісіп жатқандарын көріп отырмыз, оның ішінде мысалы, ЕО және АҚШ. Пандемия дәуірінде қажетті тауарды кез-келген уақытта сатып ала алмайтындарын бәрі түсініп отыр. Сондықтан да, өзіміздің азық-түлік қауіпсіздігімізді өз күшімізбен қамтамасыз етуге тырысуымыз керек. Осы жолда бізде бизнес пен үкімет үшін өте жақсы мүмкіндіктердің бар екені анық. Тек оларды пайдалануымыз керек.» (маусым 2020 ж.)
«Агроөнеркәсіптік кешен (ауыл шаруашылығы ғана емес, сонымен қатар өңдеу және тамақ өнеркәсібі) болашағының зор екенін бәріміз түсінеміз», – деді Нұржан Әлтаев. – Өйткені бізде ауылшаруашылығына қажетті негізгі ресурс – жер бар. Біз сияқты ауданы 200 млн. га. ауыл шаруашылығының егістік алқаптарымен мақтана алатын мемлекет кемде-кем. Сонымен бірге біз олардың аз бөлігін ғана қолданудамыз. Жердің көп бөлігі әзірше пайдаланылмай отыр. Мемлекеттің ауыл шаруашылығын дамытуға бөлетін барлық қаржысын, өкінішке орай, ірі кәсіпорындар өздеріне ғана тартып жатқандығын дұрыс атап өттіңіз. Шартты түрде айтатын болсақ, бізде бұл ақшаны алып жатқан «ауыл шаруашылығындағы олигархтар» бар. Ал, шағын фермерлер, ұсақ шаруалар болса қаржыландырусыз, мемлекеттің қолдауынсыз қалуда. Әр өңірде, әр облыста барлық мемлекеттік көмекті ірі шаруа қожалықтарына ие «беделді адамдар» алып жатыр.» (маусым 2020 ж.)
«Мен көптеген жер өңдеушілермен сөйлестім, шет елдер тәжірибелерімен таныстым. ФАО, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы, отбасылық фермалар мен олардың корпорацияларына баса назар аудару керек дегенді жиі айтуда (маусым 2020 ж.).
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде іс жүзінде 1,7 миллион жеке қосалқы шаруашылықтар әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларға тартылмаған деп мәлімдеді. Бұл біз игеруіміз керек болатын үлкен қор. Егер оны игеретін болсақ, алдағы жылдары біз ауыл шаруашылығын дамытуға және ауылшаруашылық өнімдерін нарықта ұсынуға байланысты күрделі мәселелерді шеше алатынымызға сенімдімін.» (маусым 2020 ж.).
Бұл мәселені тек бюджеттен қаржыландыру есебінен шешу ешқашан мүмкін емес. Мемлекеттік ресурстардың барлығы бірдей фермерлерге кез-келген жеңілдетілген несие беру үшін үнемі жеткілікті бола бермейді. Қаржыландыру көбейген сайын, айналымға, дамытуға және тағы басқаларға ақша бөлуді талап ететін сала қатысушылары көбейе бермек. Қажеттіліктің бәрін тек «ҚазАгро» арқылы жабу мүмкін емес. Біз мұны түсінеміз. Мәселен, біз көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін қаржыландыру қажеттілігіне талдау жүргізіп, 800 млрд. теңге мөлшеріндегі қаржы санына жеттік. Бұл шаруалар көктемде алып, күзде қайтаратын «айналымдағы» қысқа мерзімдегі ақша. Қазір мемлекет «ҚазАгро» арқылы жыл сайын небәрі 70 миллиард теңге бөледі – бұл қажет қаржының тек 10%.» (маусым 2020 ж.)
«Менің ойымша, елдегі ақша-несие саясаты онша дұрыс емес. Ұлттық Банк мұндай саясатты екінші деңгейдегі банктерге ауылшаруашылық немесе өнеркәсіп секторына ақша салу мүлде тиімсіз болған кезде жүргізеді. Қаржы сала отырып табысқа бірден кенелетін басқа да құралдар бар. Бұл Ұлттық Банктің ноталары мен бағалы қағаздары. Бұл сызбаны жеңілдетіп көз алдымызға елестететін болсақ, ол бойынша қазіргі кезде Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктерге өтімділік беріп, ал артынан өтімділіктің көп бөлігін осы құралдар арқылы өзіне қайтарып алады. Бұдан туындайтыны, Ұлттық банкке ештеңеден қауіптенбестен екінші деңгейдегі банкке бұл ақшаны белгілі бір пайызбен беру тиімді. Оның үстіне, бұл несиелерге қызмет көрсету, менеджерлерді алаңдату қажет емес. Осы құралдар арқылы 2019 жылы ЕДБ-ден шамамен 7 трлн теңге Ұлттық Банкке жіберілгенін көрдік. Банктердің мұндай жағдайда ауыл шаруашылығына немесе өнеркәсіпке ақша беруге және белгілі бір тәуекелдерді көтеруге дайын емес екендігі түсінікті болды. Демек, екінші деңгейлі банктердің ақшасы ауылшаруашылық жүйесінен толық шығарылған. Кей жерлерде олар әлі де саланың ірі қатысушыларына несие беруде екендігіне қарамастан, жыл сайын екінші деңгейлі банктердің агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыруының төмендегенін көре аламыз. Ия, онымен біруақытта «ҚазАгро» арқылы қаржыландыру көлемі артып келеді, бірақ мен айтқанымдай, холдинг ешқашан саланың қаржылық қажеттіліктерін толық жаба алмайды.» (маусым 2020 ж.)
«Біздің де проблемамыз бар: Ұлттық банктің несие саясаты несиелік серіктестіктерге жеке ақшаларды тарту мүмкіндігін бермейтіндей етіп құрылған және оларға осы үшін тікелей тыйым салынуы – ақымақтық. Өйткені, қорытындысында несиелік серіктестіктер қайтадан үкіметтің ақшасына байлануға мәжбүр болады. Бұл қазақстандық несиелік серіктестіктер жүйесінің кең қанат жаюына кедергі келтіреді.» (маусым 2020 ж.)
«Ұлттық банк бұл ақшаны екінші деңгейдегі банктерден сора отырып, ақша массасын үнемі қысып ұстамауы тиіс. Олардың осылайша инфляциямен күресудеміз деп есептейтіні түсінікті. Бірақ іс жүзінде олар инфляцияны одан сайын үдетуде, өйткені біз ештеңе өндірмейміз және өзіміз өндіре алатын барлық өнімді шетелден сатып алуға мәжбүрміз.» (маусым 2020 ж.)
«Өкінішке орай, осыған дейін қабылданған АӨК-ті дамытудың барлық бағдарламалары, Ауыл шаруашылығы министрлігі алға қойған мақсаттардың бірде-бірі іс жүзінде тиісті деңгейде орындалмай жатқанын көріп отырмыз. Жыл сайын ауылшаруашылық шығындары өсуде, ал қайтарымы жоқ. Егер 2015 жылы салаға құйылған сома 300 миллиард теңгеден асса, ал 2019 жылы ол 400 миллиардтан асты. Соған қарамастан, жалпы ішкі өнімдегі ауыл шаруашылығының үлесі азаюда. Бұл сұрақтар тудырып қана қоймай, жұмсалған қаражаттың тиімсіздігін көрсетіп отыр. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың қазіргі бағдарламасы өңделген ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын ұлғайту бойынша үлкен міндеттер қойғанымен, олар орындалмады. Еңбек өнімділігін арттыру бойынша қойылған міндеттер де шешілген жоқ.» (маусым 2020 ж.)
«Ауыл жастарының қалаға көптеп кетіп жатқанына байланысты, олардың ауылда қалуларына қажет барлық жағдайлар жасалуы керек. Біз ауылдық жерде адамдардың жайлы тұрмысы үшін тұрғын үй салу, инфрақұрылымды дамыту сияқты жағдайларды жасаудың орнына, мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй салудың ірі қалаларға, әдетте Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкентке бағытталғанына таңданысымызды жасырмастан үнемі бақылаудамыз.» (маусым 2020 ж.)
«Қазақ халқының жақсы меңгерген негізгі кәсібі дәстүрлі мал шаруашылығы. Сондықтан көп адамдардың осы кәсіппен бүгінгі күні де айналысуына мүмкіндік беру керек.» (маусым 2020 ж.)
«Бүгінгі күні жер тұтас латифундистердің – алпауыт жер иелерінің қолында болғандықтан, ауылдардың, елді-мекендердің маңайында мал шаруашылығымен айналысу мүмкін емес. Туысқандарымның көбі ауылда тұратындықтан ауылдарға жиі барамын, ауыл тұрғындарымен кездесіп тұрамын. Барлығының айтатыны, ауылда екі-үш сиырдың өзін ұстау мүмкін емес. Жайылым да жоқ, мал азығы да қымбат. Сондықтан да сиыр ұстау тиімсіз.» (маусым 2020 ж.)
«Аграрлық банк ашу керек. Өйткені біздің екінші деңгейлі банктердегі мамандар ауыл шаруашылығының ерекшеліктерін түсінбейтінін көріп отырмыз. Бұл ретте, мұның бәрі тек мемлекет есебінен жасалатынына үзілді-кесілді қарсымын деп тағы айтқым келеді. Бұл дұрыс емес. Ауыл шаруашылығын тек бюджет есебінен қаржыландыруға тырысу – қате бағыт.» (маусым 2020 ж.)
«Қазақстан кәсіпкерлерінің үштен бір бөлігі жұмыс орындарын қысқартуға мәжбүр екенін көріп отырмыз. Шағын және орта бизнес субъектілерінің басым бөлігі жабылуға мәжбүр. Қазақстан кәсіпкерлерінің барлық субъектілерінің тең жартысы өздерінің несиелері бойынша міндеттемелерін төлей алмай отыр. Менің білуімше, мұндай жағдайда салықты көтеру – таза ақымақтық.» (маусым 2020 ж.)
«Түсінбестік салдары пияз, қырыққабат, сәбіз, шалқан және т.т. тәрізді тез бұзылатын өнімдердің экспортына тыйым салуға және шектеуге алып келді. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік өңірлерінде шамамен 800 мың т. тез бұзылатын өнімдер (пияз, қырыққабат, сәбіз) жинақталып қалды. Қазақстанда аталған өнімдерді тұтыну ондаған есе төмен және өндірілетін өнімнің шамадан тыс қоры бар.» (сәуір 2020 ж.)
Хоббиі
Әлтаев Нұржан таэквондодан қара белбеу иегері.