Берковский Владимир Александрович

Берковский Владимир Александрович

Жеке кәсіпкер, «Павлодар» ӘКК» ауыл шаруашылығын дамыту бөлімінің бастығы, «Қазақстан Фермерлер Одағы» Павлодар облыстық филиалының төрағасы
284
Жасы: 72 жаста

Павлодар облысы Качир ауданының Тихомировка ауылында дүниеге келген.

Білімі

1974 ж. – Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын «зоотехник» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Карьерасы

1974-1977 жылдары – Павлодар облысы Качир ауданы Бобровка совхозының №2 бөлімшесінде зоотехник, Качир аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының аға зоотехнигі.         

1977-1986 жылдары – комсомол органдарындағы қызмет (аудандық комитеттің I хатшысы,  комсомол облыстық комитетінің хатшысы).

1986-1988 жылдары – КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының тыңдаушысы, Мәскеу қ.

1988-1991 жылдары – Павлодар облысы Қазақстан Компартиясы Май аудандық комитетінің екінші хатшысы.

1991-1995 жылдары – «Конда» ЖШС бас директорының орынбасары, Павлодар қ.

1995-2005 жылдары – «Топаз» ЖШС директоры, Павлодар қ.

2005-2008 жылдары – Павлодар қаласы әкімінің орынбасары.

2007 ж. – «Нұр Отан» партиясы Павлодар қалалық филиалының төрағасы.

2008-2012 жылдары – Павлодар облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы, Павлодар қ.

2012-2014 жылдары – «Нұр Отан» ХДП Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2014-2018 жылдары – V, VI сайланған Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы.           

2016-2018 жылдары – Павлодар облыстық мәслихатының депутаты.         

2018 жылдың ақпанынан бастап – «Павлодар» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері бөлімінің басшысы.     

«Қазақстан Фермерлер Одағы» Павлодар облыстық филиалының төрағасы.

Тақырып бойынша: ТОП-15  Қазақстан сиыр етінің экспорттаушыларын оқыңыз.

 

Наградалары мен атақтары

1986 ж. – «Құрмет белгісі» ордені.

2009 ж. – «Ерен еңбегі үшін» медалі.

2011 ж. – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі.

2012 ж. – «Белсенді қызметі үшін», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін», «Павлодар облысына 75 жыл» медальдары.

2015 ж. – «Құрмет» ордені.

2018 ж. – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хаттары, «Астана 20 жыл» мерекелік медалі.

Цитаталары

«2022 жылдан бастап ақшаны пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға аудармақшы, – деп түсіндірді Владимир Берковский. – Қазіргі кезде ауыл шаруашылығын дамытуға,  мәселен, суландыру мен мал шаруашылығына өте жақсы көмекқаржы берілуде. Шет елден сатып алынатын асыл тұқымды малдың бір басына 300 мың теңге ақша бөлінеді. Бұл мемлекет тарапынан керемет қолдау. Сондықтан да, бұл мүмкіндік осы бағытта жұмыс жасағысы келетіндердің естерінде болсын. Екі жылдан кейін мұндай қаржылық қолдау көрсетілмеуі де мүмкін.» (ақпан 2020 ж.)

«Ауылдан кету жалғасуда, қиын кезеңдеміз.  Ауылдық жерде тұратын халық 29%-ды құраса, олардың тек 9%-ы ауылшаруашылық өндірісінде жұмыс істейді. Бұл ретте, 5% - өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық, ал 4% -ы ұйымдасқан ауылшаруашылық кәсіпорындарында жұмыс істейді. Өте аз көрсеткіш. Осы себепке байланысты АӨК-тің одан әрі дамуы бір орында. Шаруашылық басшылары шаруашылықтарын кеңейтіп, жаңа бағыттарды дамыта алмай отыр, өйткені жұмысшы қолы жетіспейді. 10 жыл барысында екі ауданның халқын құрайтындай 30 мың адам кеткен.  Ол дегенің 5 жылда бір аудан тараса, тағы 5 жылда екінші аудан тарап отыр дегенді білдіреді.» (ақпан 2020 ж.)

«Біздің алдымыздағы қазіргі негізгі міндет осы жағдайды түзету және адамдардың ауылда қалып, тұруына қолайлы жағдай жасау, жұмыс орнымен қамтамасыз ету. Қаладағы елдің жетіскені шамалы, қалада жақсы жалақының барына сену қажет емес. Бұл тіпті де олай емес. Осы бағыттағы жұмыстар баяғыда басталған және әлі күнге дейін жалғасуда. Сонымен қатар, қазіргі кездесудің басты міндеттерінің бірі – Баянауыл ауданындағы барлық шаруа қожалықтарының басшыларын «Фермерлер одағына» біріктіру. Ол бұған дейін жұмыс істеген, алайда бұл бағыттағы жұмыс тиісті деңгейде жүргізілмеді, – деді аудан әкімі.» (қаңтар 2020 ж.)

«Жас мамандарды даярлау ауылдағы өзекті мәселе болып қала беруде. Мәселе ушығып кеткені соншалықты, көптеген шаруа қожалықтары Өзбекстан, Грузия және Қырғызстаннан дәнекерлеушілерді, токарьларды, операторларды, трактор және комбайн жүргізушілерін шақыра бастады. Сонда олардың қолынан ауыл шаруашылық мамандарын дайындау келеді де, біздің қолымыздан келмейді ме?!» (желтоқсан 2018 ж.)

«Сондай-ақ, Қызыл Армия аграрлық-техникалық колледжінде ауылшаруашылық колледждерін біріктіру жұмыстары жүргізілуде. Барлық теориялық білім колледждің өзінде, ал өндірістік тәжірибе ауылшаруашылық кооперативтері негізінде өткізілмекші. Бұл техниканың озық үлгілеріне ие шаруашылықтарда болашақ мамандар жақсы тәжірибе жинайды.» (желтоқсан 2018 ж.)

Деректер немесе компания бөліміндегі ақпаратты жаңарту үшін жаңартылған деректерді электронды пошта арқылы жіберіңіз info@eldala.kz

Ашық көздерден дайындалған
Жаңартылды 27 сентября 2021