Деректер немесе компания бөліміндегі ақпаратты жаңарту үшін жаңартылған деректерді электронды пошта арқылы жіберіңіз info@eldala.kz
Қанат Қошманның карьерасы
Қанат Қошман Қазақстанның жылыжайлар қауымдастығының президенті.
Цитаталары
«Әдетте ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері ірі дилерлермен өнімді белгілі бір бағада жеткізу туралы жылдық келісім жасасады және жыл бойы бір баға сақталады. Бірақ делдалдар жағдайды пайдаланып, бағаны көтереді. Осындай қиын уақытта әркім ақша тауып қалғысы келеді. Менің ойымша бұл мәселені Ауыл шаруашылығы министрлігінің деңгейінде қарау керек.» (2020 ж.).
«Төтенше жағдай режиміне байланысты қазақстандық көкөніс өсірушілер бұрынғыдай Ресейге өнім жеткізе алмай, қиындықтарға тап болып отыр. Оңтүстік Қазақстан кәсіпкерлерінің көкөністері шекарада тұрып қалды. Карантиндік қызмет белгілі құжаттамасыз шекарадан өткізбей отыр. Бұл жағдайлардың уақытша екендігі көңілге медеу.» (2020 ж.).
«Республикада жылыжай бизнесінің дамуы үлкен серпінді бастан кешіруде. Егер 2008 жылы Қазақстанда жалпы ауданы 58,6 гектар болатын 108 жылыжай болса, онда 2018 жылы жылыжайлардың қолданыстағы ауданы 1061 гектарды құрады, яғни он жыл ішінде 18 есе өсіп отыр.» (2019 ж.).
«Заманауи өндірістік жылыжайларда өсіріліп жатқан барлық ауылшаруашылық және көкөніс өнімдері экспортқа жіберілуде. Әсіресе, Ресей және ТМД елдеріне жеткіземіз. Бұл ортақ бағаны анықтаудың тиімді жолы. Ал елдің ішкі нарығының сұранысына келсек, ол фермерлік далалар мен жабық жылыжайларда өсірілетін көкөніс өнімдерімен қанағаттандырылып отыр.» (2018 ж. сәуір)
«Бүгінгі күні елде мыңнан астам жылыжай бар: олардың ішінде пленкалы жылыжайлардың пайдаланылатын аумағы мың гектар, ал индустриялық жылыжайлардың аумағы 300 гектар. Бұл өсімдіктердің биоқауіпсіздігі, химиялық заттар, тыңайтқыштар және тағы басқа отандық өндірістерді дамытуға мүмкіндік беретін үлкен аумақ. Осы аумақта республиканың ауыл шаруашылық саласын дамыту үшін ең озық елдердің тәжірибесін қолданамыз.» (2018 ж.)
«Басым бөлігі елдің оңтүстігінде орнналасқан парникті шаруашылықтарға келетін болсақ, олар бізді маусымаралық уақытта қияр мен қызанақпен қамтамасыз ете алмайды, тек күздің басы мен кеш көктемді ғана қамтып отыр. Парникті шаруашылықтар аумағы 1100 гектарды құраса, өнеркәсіптік жылыжайлар аумағы 376 гектар ғана.» (2018 ж.)
«Қазақстан дәл қазіргі қысқы маусымда көкөністі Ресейге сатпақ түгіл өзіне жеткізе алмайды.» (декабрь 2015 ж. желтоқсан)
«Осы маусым аралығына көкөніс екі есе қымбаттап, Қазақстанның көкөніске сұранысы 89 мың тонна болады. Елдегі жылыжайлар бұл кезеңде барлығы 25 мың тонна ғана өнім береді. Қалған 64 мың тонна көкөністі Өзбекстан, Қырғызстан, Қытайдан сатып аламыз.» (2015 ж.)