Қазақстанда маусым айының басында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауады
Қазгидромет ұсынған маусым айындағы ауа райы болжамы бойынша, республикада жаздың алғашқы айында циклондар мен антициклондардың жиі өзгеруі байқалады. Яғни ауа-райының өзгеруі жиі болады деп күтілуде. Айдың басында аграршылардың егіс алқаптарына жаңбыр жауады.
«Маусымның бірінші онкүндігінде атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады деп күтілуде - қысқа мерзімді жаңбыр жауады, күн күркіреп, қатты жел соғады, бұршақ болады», - деді синоптиктер.
Ауа райы болжамы бойынша, солтүстікте, ал одан кейін шығыс Қазақстанда ауа температурасы түнде + 12 + 20 ° С-ден + 8 + 13 ° С-ге дейін, күндіз + 27 + 35 ° С-ден +17+ 25 ° C-ге дейін төмендейді.
Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығыста бірінші онкүндіктің ортасында жылудың төмендеуі күтіледі: түнде + 17 + 25 ° С-ден 12 + 17 ° С, күндіз + 35 + 44 ° С-ден + 30 + 35 ° С дейін. Осындай төмендеу айдың екінші және үшінші онкүндігінде қайталанады.
Республиканың батысында температураның құбылуы, түнде + 13 + 18 ° C-ден + 5 + 13 ° C, күндіз + 23 + 33 ° C - + 30 + 38 ° C болады.
«Бір ай ішінде циклондар мен антициклондардың жиі ауысып тұруы салдарынан ыстық күндер жиі жауын-шашынды күнге ауысатын болады,елде салқын ауа-райы болып жаңбыр жауып, найзағай күркірейді», - дейді синоптиктер.
Одан кейінгі күндері республиканың оңтүстік-батыс жартысында аптап ыстық болады, түнде ауа температурасы + 17 + 28 ° С, күндіз + 36 + 43 ° С.
Солтүстік-шығыста - екінші және үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде + 15 + 20 ° С, күндіз + 33 + 39 ° С болады.
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, орташа алғанда бір ай ішінде республиканың басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1-2 ° C жоғары болады деп күтілуде, бұл Солтүстік Қазақстан облысында, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарының солтүстік жартысында.
Жауын-шашын Қазақстанның басым бөлігінде қалыптыға жағдайда қалады, Қазақстанның оңтүстік-батысында нормадан аз болады деген болжам айтылуда.