Қазақстандағы тағы екі құс фабрикасы баға уағдаластығына күдіктенді
Агенттіктің Алматы облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті "Алсад Қазақстан" және "Сары-Бұлақ" құс фабрикаларына қатысты монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтар бойынша тергеуді бастады. Бұл туралы БДҚА баспасөз қызметі хабарлады.
Қаңтар-қазан айлары аралығында Алматы облысы бойынша 1-санаттағы тауық жұмыртқасының бағасын талдағаннан кейін БДҚА "Алсад Қазақстан" және "Сары-Бұлақ" іс-әрекеттерінде бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдардың белгілерін байқады. Екі компанияға да олардың іс-әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілері бар екендігі туралы хабарлама жіберілді.
"Серіктестіктер хабарламаны орындамады, осыған байланысты жоғарыда аталған компанияларға қатысты Департамент тергеуді бастады", - деп хабарлады БДҚА
Бұған дейін ведомствода жұмыртқа бағасын белгілеу кезінде бәсекелестікке қарсы іс-қимыл белгілері туралы хабарламалар ҚР-дағы 14 құс фабрикасына жіберілгені туралы хабарланған болатын. Оның ішінде Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Астанадағы жеті зауыт бағаны 7-10%-ға төмендетті. Қалғандарына қатысты тергеу жүргізілуде.