Қазақстан делегациясы Берлиндегі аграрлық форумға қатысады
Ербол Қарашөкеев бастаған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің делегациясы азық – түлік және ауыл шаруашылығы жөніндегі XV дүниежүзілік форумға, сондай-ақ "Жасыл апта-2023" халықаралық көрмесіне қатысады. Сапар 18-20 қаңтарда Берлинде өтеді. Бұл туралы брифингте Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.
"Іс-шара аясында қазақстандық тарап Халықаралық тамақ индустриясының озық технологиялық әзірлемелерімен және өнімдерімен танысады", - деп ақпараттандырды СІМ өкілі.
Халықаралық "жасыл апта" - ауыл шаруашылығы, азық-түлік тауарларын өндіру және бау-бақша саласындағы ең ірі халықаралық көрме-жәрмеңке. Ол Берлинде 1926 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді.
Igw Green Week Berlin 2023 (халықаралық азық-түлік, ауыл шаруашылығы және бау-бақша көрмесі) Берлинде 20-29 қаңтар аралығында өтеді.
Global Forum for Food and Agriculture Berlin 2023 (gffa-агроазық-түлік саясаты мәселелері жөніндегі халықаралық форум) 19-21 қаңтарда өтеді.