22 мая 2023 Қазақстан

Ақтөбе облысында пестицидтердің құнын субсидиялауға өтінімдер ашылуда

Ақтөбе облысында 2023 жылғы 26 мамырда пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялау бойынша өтінімдерді қабылдау басталады. Бұл туралы облыстың ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы хабарлады.

Ведомствода нақтыланғандай, субсидиялар сатып алынған пестицидтердің, зиянды (арамшөптерге, бидай трипсіне, шабындық көбелекке, карадринге және жағалау шыбынына) және экономикалық зияндылық шегінен жоғары және аса қауіпті зиянды организмдерге(оларға қатысты өңдеу жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын табын және тұрақсыз шегірткелерді қоспағанда) қарсы өңдеуді жүргізуге арналған биоагенттердің (энтомофагтардың) және аса қауіпті зиянды организмдердің және карантиндік объектілердің (оларға қатысты тарату ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантиндік объектілерді қоспағанда) шығындарын өтеу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге немесе ауыл шаруашылығы кооперативтеріне төленеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда табын шегіртке зиянкестерімен күресуге биыл республикалық бюджеттен 3,8 млрд теңге бөлінді. Болжам бойынша, шегіртке 1,6 миллион гектар аумаққа таралуы мүмкін. Сәуір айында Түркістан облысында қорғаныс шаралары басталды. Басқа аймақтарда жерді химиялық өңдеу шегірткелердің таралу ошақтары анықталған кезде басталады. Көршілес мемлекеттермен шекаралас аумақтарда бірлескен зерттеулер жүргізілетін болады. Бұл туралы Қазақстан АШМ мамандары Ресей, Қытай және Өзбекстаннан келген әріптестерімен алдын ала келісті.