05 февраля 2024
Қазақстан
Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті
ҚР Үкіметі 5 ақпанда отставкаға кетті. Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Премьер-Министрдің міндеттерін орындау уақытша Роман Склярға жүктелген. Үкімет мүшелері жаңа құрам бекітілгенге дейін өз міндеттерін орындауды жалғастырады.
Бүгін, сондай-ақ, Ақорданың баспасөз қызметі 7 ақпан, сәрсенбіде Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетінін хабарлады. Елдің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер белгіленетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, Әлихан Смайылов 2022 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР үкіметін басқарды.