Азық-түлік корпорациясының қызметкерлеріне пара алғаны үшін 48 млн теңгеге айыппұл салынды
Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Азық-түлік корпорациясының қаржы департаментінің директоры Жұмаділов пен ұлттық компанияның бас маманы Әбеновті пара алғаны үшін ірі көлемде айыппұлға кесті. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
«Олар кәсіпкерден бұрын құжаттарды жинау бойынша көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ астық түрінде тауарлық несие беру туралы шартқа қол қоюға жәрдемдескені үшін пара алды деп күдіктенді»,- делінген Антикор хабарламасында.
Сотталғандарға қатысты сот шешімімен мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, жалпы сомасы 48 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
Қала прокуратурасы бас бостандығынан айыру жазасын өзгерту туралы үкімге апелляциялық өтініш енгізгені атап өтілді.
«ҚР ҚК-нің 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылады»,- деп нақтылады Антикорда.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.