Ауыл шаруашылығы министрлігінде аграрийлерді қаржыландыру бағдарламасына енгізілген өзгерістер туралы айтып берді
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жеңілдетілген несиелеудің қосымша көлемін қамтамасыз ету үшін қолданыстағы субсидиялау тетіктеріне өзгерістер енгізуді көздеді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.
«Біріншіден, аграрийлер пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға қаражаттың болуына байланысты емес 5%-дан аспайтын жеңілдікті мөлшерлеме бойынша несие алады. Екіншіден, қарыздарды кепілмен қамтамасыз ету жағдайын жақсарту үшін қарыз шарты сомасының 85% мөлшерінде кепілдік беру тетігі көзделген», - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінде.
Бұдан басқа, несиелерді арзандату және кепілдік беру тетігіне республикалық бюджеттен 60 млрд теңге, оның ішінде 45 млрд теңге - купондық сыйақыны субсидиялауға, 15 млрд теңге - қарыздарды кепілдендіруді субсидиялауға, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен 37,3 млрд теңге бөлінеді.
Сондай-ақ, қарыз алушы «Даму» қорынан кепілдік алуға, ал қалған қарыз сомасына және сыйақыға Аграрлық несие корпорацияның кепіл саясатының талаптарына сәйкес қамтамасыз етуді ұсынуға құқылы. Не қарыздың толық сомасына АНК кепіл саясатының талаптарына жауап беретін кепілді қамтамасыз етуді ұсыну. ЕДБ арналары арқылы қаржыландыру кезінде ЕДБ кепіл саясаты қолданылады.
АШМ еске салғандай, 2021 жылдан бастап көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын тікелей жеңілдікпен несиелеу үшін Аграрлық несие корпорациясы арқылы 140 млрд теңге бюджет қаражаты бөлінді. Азық-түлік корпорациясы желісі бойынша форвардтық сатып алу бағдарламасын іске асыруға тағы 40 млрд теңге қарастырылған. Жалпы, егін егуге 180 млрд теңге бөлінді.
«Ағымдағы жылы қолда бар қаржыландыру көлеміне Кең дала-2 бағдарламасы бойынша қосымша 400 млрд теңгеге дейін тартуға мүмкіндік бар. Бұл мақсатқа «Бәйтерек» холдингінің желісі бойынша 300 млрд теңге тартылуда, - деп нақтылады баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, ауыл шаруашылығы өндірушілері жылдық 5% мөлшерлеме бойынша қарыз ала алады. Несие мерзімі - 12 айға дейін. «Кең дала-2» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау 29 сәуірден бастап жүргізіледі.
«Бүгінгі таңда 600-ден астам шаруа қожалығы жалпы сомасы 46,6 млрд теңгеге өтінім берді, бұл 425 мың га егіс алқабын несиелеумен қамтуға мүмкіндік береді. Белсенді жұмыс жалғасуда, АНК филиалдары өтінімдерді демалыс күндері де – сенбі және жексенбі күндері қабылдайды», - деп толықтырды баспасөз қызметі.