Алматы облысында жауапсыз жер пайдаланушылардан 3,6 мың га ауыл шаруашылық алқаптары тәркіленді
Алматы облысындағы 27 жер иеленушінің меншігіндегі алқаптар мәжбүрлеп алынып, жеке және заңды тұлғалардың тізіліміне енгізілді. Оның ішінде тек үш компания жерінен айырылды.
Шаруа қожалығы және өндіріс ашу мақсатында ұйымдастырылуы тиіс учаскелердің жалпы ауданы 3628,5 га құрайды.
Мәлімет бойынша Қапал ауылдық округіндегі «Altyn Dala Agro Zhetysu» ЖШС-дан 521,5 га және 1957 га болатын екі жер учаскесі алынды.
Жеке кәсіпкер Абдусаттарова Резван Пидановна Тастөбе ауылдық округінде 600 га, Қызылағаш ауылдық округінде «Қапал-Ақниет» ЖШС 550 га жерінен айырылды.
Барлық тәркілеу туралы шешімдер 2018 жылы күшіне енген болатын.
Қазақстандағы тәркіленген ауыл шаруашылығы алқаптары туралы толық ақпаратты мына жерден оқып танысуға болады.
Жер кодексі туралы заңға сәйкес (92 және 94-баптар), егер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер екі жыл бойы пайдаланылмаса, үкіметке кері қайтарылады. Сонымен бірге, Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамаға түзетулер дайындап енгізді, аталған жаңа заң бойынша, егер жер жыл бойы пайдаланылмаса, ауыл шаруашылығы алқаптары алынады.