19 августа 2020 Қазақстан

Фермерлерге құрғақшылық кезінде берілген сақтандыру төлемдері 535 миллион теңгеден асты

Қазақстан фермерлері құрғақшылық салдарынан 535 млн.теңгеден астам сақтандыру төлемдерін алды. Бұл туралы Ақпараттық-тіркеу орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстандық фермерлер сақтандыру төлемдерін алуда. Үшінші кезең үшін төлемдер берілетіні жайлы хабарлама кеше, 18 тамызда келді, тағы 26 ауыл шаруашылық еңбеккерлері алады. Берілетін төлемдердің жалпы сомасы шамамен 25 миллион теңгені құрайды. Алғашқы екі кезеңде аграршылар 510 миллион теңге көлемінде төлем алған еді», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Төлемдер «адамдардың қатысуынсыз» тағайындалып, беріледі. Топырақтағы ылғалдылық мөлшерін бақылау және бағалау ғарыштық спутниктерден алынған мәліметтер негізінде жүзеге асырылады.

Компания сақтандырудың жаңа жүйесінің ыңғайлылығына қарамастан, оны салыстырмалы түрде аз шаруа қожалықтары қолданғанын атап өтті. Жалпы алғанда 82 кәсіпорын егінін ылғал тапшылығынан сақтандырды. Сақтандырудың жалпы ауданы 100 мың гектарды құрайды. Сақтандыру мерзімдері - сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және сақтандыру өнімдерін субсидиялау ережелері төлем басталғанға дейін бір апта бұрын бекітілген болатын.

Ылғалдың жетіспеушілігінен және топырақтағы судың мөлшерінен сақтандыру 2020 жылы басталды. Agroinsurance сақтандыру қызметі Qoldau электронды сандық платформада орналастырылған. 2020 жылы сақтандыру сыйлықақысы шамамен 170 миллион теңгені құрады. Аграршылардың жартысына мемлекет 50% субсидия ретінде төледі.