28 августа 2024 Қазақстан

ҰАҒБО-ны Айгүл Ахмеджанова басқарды

Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының басқарма төрағасы болып Айгүл Ахмеджанова тағайындалды. Бұл туралы ҰАҒБО баспасөз қызметі хабарлады.

Айгүл Ахмеджанова Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институтын, Көкшетау университетін және РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Оның еңбек жолы 1988 жылы Көкшетау сүт комбинатында шебер қызметінен басталды. Ақмола облысы әкімдігінің әртүрлі басқармаларында, «Қазагромаркетинг» АҚ-да, Республикалық ветеринариялық зертханада, «Алмэкс» Холдингтік тобында, ҰАҒБО-да басшылық лауазымдарды атқарды.

2019-2022 жылдары Айгүл Ахмеджанова «Түркістан» ӘКК басқарды.