Жәнібек Тайжанов Теміржол және су көлігі комитетін басқарды
Көлік министрінің бұйрығымен Жәнібек Тайжанов Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жәнібек Тайжанов 1982 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қазақ қатынас жолдары университетін, Азаматтық авиация академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы бастаған, ұзақ жылдар бойы «Қазақстан темір жолы» ҰК филиалдарында жұмыс істеген
2014-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің департамент директоры қызметін атқарды.
2019-2022 жылдары ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2022 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы - бас директоры болды.