16 октября 2024 Қазақстан

Қазақстанда нан күні атап өтіледі

Қазақстанда 16 қазанда Нан күні атап өтіледі. Бидай – елдегі басты аграрлық дақыл, ал нан – қазақстандықтардың дастарханындағы басты өнімдердің бірі. 2019 жылы Қазақстан Республикасында бекітілген Нан күнін мерекелеу астық өсірушілердің, диірменшілердің, наубайшылардың және басқа да сала қызметкерлерінің еңбегін атап өтеді.

Биыл Қазақстан 25 млн тоннадан астам астық жинады. Дәнді дақылдар бойынша орташа өнімділік гектардан 15,5 ц дейін өсті.

Соңғы жылдары Қазақстанның селекционерлерінің бидайдың жаңа жоғары өнімді сұрыптарын өсіру бойынша сіңірген еңбегі атап өтілді. Солардың бірі – Бараев атындағы АШҒӨО селекционерлері шығарған жұмсақ жаздық бидайдың «Таймас» сұрыпы. Биылғы жылы орталықтың егістіктерінде сұрып гектардан 35-38 ц өнім берді, ал Қарағанды облысындағы егістіктерде нәтиже одан да жоғары – гектардан 40 ц дейін алынды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, ұн тарту саласында жылына 9,1 млн тонна астық өндіретін 270-ке жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Ұн өндіру көлемі елдің ішкі тұтынуынан екі есе артық, Қазақстан ұнды экспорттық жеткізу көлемі бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады.