Қазақстанның шығысы мен батысында жаңбыр жауады
27-29 тамызда Қазақстан Республикасының шығысы мен батысында жаңбыр жауады деп күтілуде, қалған аймақтарда егін жинау жұмыстарын жалғастыру үшін ауа-райы қолайлы болады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.
Ауа –райы болжамына сәйкес, алдағы үш күнде биіктік науа (жер бетіндегі желдің конвергенциясы байқалатын ең төменгі қысым сызығы) республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс облыстарына өз әсерін тигізеді.
Аптаның соңына қарай Қазақстанның батыс өңірлеріне Скандинавия аймақтарынан келетін циклон ықпал ететін болады. Сондықтан, елдің батысындағы кей жерлерде жаңбыр жауады, шығыста найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады, бұрқасын болып, жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін.
Республиканың қалған аумағында антициклон әсер етіп, жылы ауа-райы орнайды, негізінен күн жауын-шашынсыз болады.