27 августа 2020 Қазақстан

Қазсушаруашылық Алматы облысында вегетациялық кезеңнің қорытындысын шығарды

Биылғы жылы Алматы облысының өзендерінде судың жетіспеуіне байланысты «Қазсушаруашылық» филиалы сумен уақтылы қамтамасыз ету бойынша көптеген жұмыстар жүргізді. Атап айтсақ, су өлшеу пункттері мен құрылымдар салу, су режимін тәулік бойы бақылау, комиссияның проблемалы аудандарға жүйелі түрде келуі және т.б. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Судың жетіспеуіне байланысты «Қазсушаруашылық» Алматы филиалының мамандары жергілікті өзендерді сумен қамтамасыз ету режимін белгіледі, ауыл шаруашылық еңбеккерлеріне жерді суаруда кезек жасалды. Қазір барлық аудандар соңғы бір айда сумен қамтамасыз етілуде», - деді «Қазсушаруашылық» Алматы филиалының басшысы Смайл Күметов аймақтағы су шаруашылығы нысандарына аралау барысында.

Оның айтуынша, бүгінде облыста төрт ауданда, соның ішінде Алакөл, Ақсу, Көксу және Ескелдинскийде ирригациялық ржелілерді қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын. Суару желілерінің жалпы ауданы 35,4 мың гектарды құрайды, бұл жұмыстарға Ислам Даму Банкі 18 миллиардтан астам теңге бөлді.

Қазір Ескелді ауданында каналдарды тазарту жұмыстары 80% жасалды, бетон каналдарын қайта жаңарту 90% аяқталды. Ақсу ауданында жұмысты 2021 жылдың көктемінде аяқтау жоспарланған.

«Қазсушаруашылықтың»  Алматы филиалы суармалы сумен Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Көксу, Панфилов, Ұйғыр аудандары, сондай-ақ Қапшағай мен Талдықорған каналдары арқылы қамтамасыз етеді. Филиалда 15 су қабылдайтын гидроэлектрлік кешен, 9 су қоймасы және 5 мың шақырымнан астам Алматы облысының 8 ауданына су жіберілетін арналар және шаруашылық каналдар бар.

Осы жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы филиалы су тұтынушылармен 7 мыңнан астам келісімшарт жасасты. Нақты көрсетілген қызметтер көлемі 441 880 мың текше метрді құрайды, ал жоспарланған жылдық көрсеткіштер 397 526 мың текше метр болатын, осылайша жұмыстың орындалуы 120% құрайды.