04 сентября 2020 Қазақстан

Сауда министрлігі тауар өткізуге арналған инфрақұрылым жүйесін салуға кірісті

Сауда және интеграция министрлігі Ұлттық тауар өткізу жүйесінің инфрақұрылымын ұйымдастыруға кірісті және өңірлерде көтерме-тарату орталықтарын (КТО) салу үшін жер учаскелерін  қарастыра бастады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазіргі таңда жұмыс тобы жер учаскелерін қарау және ұйымдастыру мәселелерін шешу үшін республика өңірлеріне сапар шегуде», - деп хабарлады ведомстводан.

КТО салу үшін жер қарастыру осы жылға жоспарланған. Сонымен қатар, баспасөз қызметі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көтерме-тарату орталықтарының құрылысына қажетті сараптамалық жұмыстарды қамтамасыз ететінін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, шілде айында сауда министрлігі Ұлттық тауар өткізу жүйесін құру жобасының басталғанын жариялаған болатын. Аталған жоба бойынша көтерме-тарату орталықтары салынатын болады, оның ішінде: КТО сақтау, КТО сауда және КТО тарату болады.

Бұған дейін Қазақстанда 2022 жылға дейін 24 көтерме-тарату орталығын салу жоспарланғаны хабарланған болатын. Олар өнімді алқаптан дүкен сөресіне дейін жеткізетін дистрибьюторлық желінің бір бөлігі болады. Сондай-ақ, КТО-да жеміс-көкөніс өнімдерін ұзақ уақыт сақтауға, ЕАЭО елдеріне Орталық Азия мен Қытайға экспорттық-импорттық сатуды жүзеге асыруға жағдай жасайды, бұл өнімдерді сату нарықтарды кеңейтеді.

Көтерме-тарату орталықтарының желісі өндірушілерді, саудагерлерді, өнімді жеткізушілерді бір кластерге біріктіреді деп болжануда.

Ең алғашқы КТО  биыл шілде айында Қарағандыда ашылды.