Кеше Қазақстан

Қазақстанда екі жыл ішінде 165 ТСФ құрылысы қаржыландырылды

СҚО тәжірибесін тираждау бағдарламасы бойынша 2023-2024 жылдары Қазақстанда 165 тауарлы-сүт фермасын салу және жаңғырту қаржыландырылды. Бұл туралы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы мәлімдеді, деп АШМ хабарлады.

«СҚО тәжірибесін тираждау» бағдарламасы аясында жылдық 2,5% жеңілдікпен қаржыландырумен 2023 жылы 100 млрд теңге сомасына 69 сүт-тауар фермасы, 2024 жылы 96 жоба қаржыландырылды. Ағымдағы жылы 200 млрд теңге сомасына 141 жобаны қаржыландыру жоспарланған, оның 71 жобасында ЖСҚ мен сараптама бар», - деді ол.

Сондай-ақ, вице-министр АӨК-ке инвестициялар тарту жөніндегі жұмыс туралы айтты. Оның айтуынша, 2025 жылдың төрт айында АӨК негізгі капиталына инвестиция көлемі 213 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ға жоғары (180,6 млрд теңге). Оның ішінде ауыл және балық шаруашылығына - 164,2 млрд теңге (өсім 15%); азық-түлік өнімдерін қайта өңдеуге - 48,7 млрд теңге (өсім 29%).

«Министрлік өңірлермен бірлесіп 2025-2027 жылдарға арналған АӨК инвестициялық жобаларының Жол картасын әзірледі. Барлығы 3,3 трлн теңгеге 677 жоба жоспарланған, оның ішінде: 2025 жылы - 611,2 млрд теңгеге 282 жоба; 2026 жылы - 1,1 трлн теңгеге 267 жоба; 2027 жылы - 1,5 трлн теңгеге 128 жоба. Инвестициялардың ең ірі бағыттары - қайта өңдеу (1,478 трлн теңге), суару жобалары (216 млрд теңге) және мал шаруашылығы (194,6 млрд теңге)", - деп Ермек Кенжеханұлы нақтылады».

2025 жылғы ірі инвестициялық жобалардың ішінде:

  • «КАЗКРАХМАЛ» ЖШС - жүгеріні терең өңдеу зауыты (жылына 150 мың тонна), Түркістан облысы, 35 млрд теңге;
  • «ALTAI MAI» ЖШС - май зауыты (жылына 169 мың тонна), ШҚО, 26,4 млрд.теңге;
  • «Алель Агро» АҚ - құс фабрикасы (жылына 25 мың тонна), Жамбыл облысы, 13,8 млрд.теңге;
  • ATYRAU CHICKEN ЖШС - бройлер құс фабрикасы (жылына 5 мың тонна), Атырау облысы, 9,9 млрд.теңге;
  • KazFeltec ЖШС - жүн өңдеу зауыты, Ақтөбе облысы, 5 млрд теңге.

Сонымен қатар, вице-министрдің айтуынша, екі ірі инвестициялық келісімге қол қойылды: түркиялық ALSERA компаниясымен Шымкентте жылыжай кешенін салу бойынша (650 млн доллар) және QazaqArab Sugar компаниясымен (БАӘ) - Алматы облысында қант зауытын салу бойынша (580 млн доллар).

АШМ мәліметтері бойынша, Қытай, АҚШ, Венгрия, Түркия, Дания, Польша және Иордания компанияларымен тағы сегіз инвестициялық келісім пысықталуда. Олардың ішінде: Fufeng Group - Жамбыл облысындағы жүгеріні терең өңдеу зауыты; PepsiCo - Алматы облысында тұзды тағамдар шығаратын зауыт салу; UBM Group - үш құрама жем зауыты және премикс зауыты; Dalian Hesheng Holdings - Ақмола облысында астық өңдеу; Tiryaki Holding - Астанадағы астық және бұршақ дақылдары бойынша интеграцияланған АӨК; Carlsberg Group - Алматы облысында алкогольсіз сусындар өндірісі; Fabe Agro - Шымкенттегі заманауи жылыжай кешені; AL JAZEERA AGRICULTURE COMPANY «АйтасКЗ» ЖШС-мен бірлесіп - Алматы облысындағы құс фабрикасы.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2024 жылы ауыл, орман және балық шаруашылығына тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 26,1 млн долларды құрады.