Солтүстік Қазақстанда 33 мың гектардан астам жер қайтарылды
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы 2025 жылдың басынан бері жалпы ауданы 146 мың гектардан асатын, мақсаты бойынша пайдаланылмаған 75 жер учаскесін анықтады. Оның ішінде ауданы 30 мың гектардан асатын учаскелер қайтарылды, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, аймақ прокуратурасының ақпараты бойынша, Ақжар, Есіл, Тимирязев, Уәлиханов аудандарының, сондай-ақ Ғ.Мүсірепов ауданының жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 45 учаскені нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған.
«Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жалпы ауданы 33,2 мың га, кадастрлық құны 29,8 млрд теңге болатын 36 жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды», - деп атап өтті прокуратурада.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Естеріңізге сала кетейік, үкіметтің мәліметінше, Қазақстанда 2022-2024 жылдары 12,2 млн га ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылды, оның ішінде қазіргі уақытта 5,9 млн га қайта бөлінді, 2025 жылы 2 млн га ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекеттік меншікке қайтару жоспарланған, қазірдің өзінде 979,1 мың га қайтарылды.